Кенжекөл ауылдық округі Кенжекөл ауылының жаңа көшесіне атау беру туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округі әкімі міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 қарашадағы № 17-1-03/65 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 05 желтоқсанда № 4206 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңы 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Кенжекөл ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2014 жылдың 17 қыркүйегіндегі облыстық ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Кенжекөл ауылдық округі Кенжекөл ауылының жаңа көшесіне «Егемен» атауы берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын өзімнің бақылауыма қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтүзбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Кенжекөл ауылдық округі
      әкімінің міндетін
      атқарушы

Н. Ақтайлақова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады