РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" № 836 қаулысымен бекітілген, Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережесіне сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы "Екібастұз қаласында 2014 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 17 ақпанда № 3694 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 ақпанда № 7 (1205) "Отарқа" және № 7 (3017) "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланған) № 45/1 қаулысына (бұдан әрі – қаулы) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
қаулының 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "28" жолымен толықтырылсын;
қаулының 2-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес "28" жолымен толықтырылсын;
2-қосымшадағы 17 - жолда "Сұраным (жұмыс орындарының жарияланған қажеттілігі)" 3, "Ұсыныс (жұмыс орындары бекітілді)" 4-бағандарындағы "10" сандары "20" сандарымен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөнінде жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі | А. Вербняк |
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2014 жылғы "25" сәуір № 439/4 қаулысына 1-қосымша |
2014 жылға қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі,
қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және нақты жағдайлары,
еңбек төлемінің мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi
р/с № | Ұйымдар тізбесі | Қоғамдық жұмыстардың түрлері | Қоғамдық жұмыстардың көлемi және нақты жағдайлары | Қатысушылар дың еңбек төлемінің мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
28. | Екібастұз қаласы әкімдігінің, Екібастұз қаласы Шідерті кенті әкімі аппаратының № 11 "Қарлығаш" бөбектер бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Қосалқы жұмыстар | Вахтада кезекшілік ету – жылына 1960 сағат Икемді жұмыс кестесімен 8 сағаттық жұмыс күні, жұмыс уақытының ұзақтығы – бір аптада 40 сағаттан аспайды | 2014 жылға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленгенең төменгі еңбекақы, жергілікті бюджет |
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2014 жылғы "25" сәуір № 439/4 қаулысына 2-қосымша |
2014 жылға қоғамдық жұмыстарға сұраным мен ұсыныс
р/с № | Ұйымдар тізбесі | Сұраным (жұмыс орындарының жарияланған қажеттілігі) | Ұсыныс (жұмыс орындары бекітілді) |
1 | 2 | 3 | 4 |
28. | Екібастұз қаласы әкімдігінің, Екібастұз қаласы Шідерті кенті әкімі аппаратының № 11 "Қарлығаш" бөбектер бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 1 | 1 |