Екібастұз қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы "Екібастұз қаласында 2014 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 45/1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 439/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 мамырда № 3823 болып тіркелді Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімі аппарат басшысының 2015 жылғы 06 қаңтардағы N 24/1-07/6 хатымен)

     Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімі аппарат басшысының 06.01.2015 N 24/1-07/6 хатымен).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" № 836 қаулысымен бекітілген, Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережесіне сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы "Екібастұз қаласында 2014 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 17 ақпанда № 3694 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 ақпанда № 7 (1205) "Отарқа" және № 7 (3017) "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланған) № 45/1 қаулысына (бұдан әрі – қаулы) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      қаулының 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "28" жолымен толықтырылсын;
      қаулының 2-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес "28" жолымен толықтырылсын;
      2-қосымшадағы 17 - жолда "Сұраным (жұмыс орындарының жарияланған қажеттілігі)" 3, "Ұсыныс (жұмыс орындары бекітілді)" 4-бағандарындағы "10" сандары "20" сандарымен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөнінде жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкіміА. Вербняк

 Екібастұз қаласы әкімдігінің
2014 жылғы "25" сәуір
№ 439/4 қаулысына
1-қосымша

2014 жылға қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі,
қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және нақты жағдайлары,
еңбек төлемінің мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi


р/с №Ұйымдар тізбесіҚоғамдық жұмыстардың түрлеріҚоғамдық жұмыстардың көлемi және нақты жағдайларыҚатысушылар дың еңбек төлемінің мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi
12345
28.Екібастұз қаласы әкімдігінің, Екібастұз қаласы Шідерті кенті әкімі аппаратының № 11 "Қарлығаш" бөбектер бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорныҚосалқы жұмыстарВахтада кезекшілік ету – жылына 1960 сағат Икемді жұмыс кестесімен 8 сағаттық жұмыс күні, жұмыс уақытының ұзақтығы – бір аптада 40 сағаттан аспайды2014 жылға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленгенең төменгі еңбекақы, жергілікті бюджет

 Екібастұз қаласы әкімдігінің
2014 жылғы "25" сәуір
№ 439/4 қаулысына
2-қосымша

2014 жылға қоғамдық жұмыстарға сұраным мен ұсыныс


р/с №Ұйымдар тізбесіСұраным (жұмыс орындарының жарияланған қажеттілігі)Ұсыныс (жұмыс орындары бекітілді)
1234
28.Екібастұз қаласы әкімдігінің, Екібастұз қаласы Шідерті кенті әкімі аппаратының № 11 "Қарлығаш" бөбектер бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны11

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады