Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1) тармақшасына сәйкес, жұмысқа орналасуға мұқтаж мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтоғай ауданындағы жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерге тиісті жолдама беру арқылы мұқтаж мүгедектерді квоталандырылған жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Батырғұжинов |