1. Қосымшаға сәйкес Ақтоғай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Батырғұжинов |
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "16" мамырдағы № 102-1 қаулысына қосымша |
Ақтоғай ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған
қаулыларының тізбесі
№ | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Тіркелген және жарияланған күні | |
1 | 2 | 3 | |
1. | Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 211 "Ақтоғай ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы | нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 8 қыркүйекте № 3994 тіркелген; 2014 жылғы 13 қыркүйекте № 36 "Ауыл тынысы" және № 36 "Пульс села" аудандық газеттерінде жарияланған | |
2. | Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 346 "2016 жылға арналған Ақтоғай ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысы | нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 27 қаңтарда № 4906 тіркелген; 2016 жылғы 6 ақпанда № 5 "Ауыл тынысы" және № 5 "Пульс села" аудандық газеттерінде жарияланған | |
3. | Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 347 "2016 жылға арналған Ақтоғай ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысы | нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 27 қаңтарда № 4907 тіркелген; 2016 жылғы 6 ақпанда № 5 "Ауыл тынысы" және № 5 "Пульс села" аудандық газеттерінде жарияланған | |
4. | Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 51 "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысы | нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 6 сәуірде № 5053 тіркелген, 2016 жылғы 16 сәуірде № 16 "Ауыл тынысы" және № 16 "Пульс села" аудандық газеттерінде жарияланған | |
5. | Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 195 "Ақтоғай ауданы әкімдігінің регламентін бекіту туралы" қаулысы | нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 5 тамызда № 4644 тіркелген, 2015 жылғы 15 тамызда № 32 "Ауыл тынысы" және № 32 "Пульс села" аудандық газеттерінде жарияланған |