Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 04.03.2021 № 11/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі "Атаулы және мерекелік күндерге көмек алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек мөлшерін белгілеу туралы" № 116/30 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 30 сәуірде № 3785 тіркелген, 2014 жылғы 8 мамырда "Ауыл тынысы" газетінің № 18, "Пульс села" газетінің № 18 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
он алтыншы абзацында "мүгедектер күніне орай" сөздері "Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне орай" сөздеріне ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихатының бюджеттік саясат және аумақтың экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн откен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы |