Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 – бабы 2–тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімінің қосымшасына сәйкес Ақтоғай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихаттың бюджеттік саясат және аумақтың экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтоғай аудандық мәслихатының сессия төрағасы | Л. Дисенова |
Ақтоғай аудандық мәслихатының хатшысы | Ж. Ташенев |
Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 4 наурыздағы № 11/3 шешіміне қосымша |
Ақтоғай аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі "Атаулы және мерекелік күндерге көмек алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек мөлшерін белгілеу туралы" № 116/30 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3785 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 мамырда аудандық "Ауыл тынысы", "Пульс села" газеттерінде жарияланған).
2. Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 қазандағы "Ақтоғай аудандық мәслихатының (V шақырылған, XXX кезектен тыс сессия) 2014 жылғы 30 сәуірдегі "Атаулы және мерекелік күндерге көмек алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек мөлшерін белгілеу туралы" № 116/30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 159/37 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4173 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 қарашада аудандық "Ауыл тынысы", "Пульс села" газеттерінде жарияланған).
3. Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 ақпандағы "Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі "Атаулы және мерекелік күндерге көмек алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек мөлшерін белгілеу туралы" № 116/30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 170/40 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4355 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4. Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 қыркүйектегі "Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі "Атаулы және мерекелік күндерге көмек алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек мөлшерін белгілеу туралы" № 116/30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 263/55 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6562 болып тіркелген, 2019 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).