Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Баянауыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Баянауыл ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 165/32 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 05 мамырда № 3789 тіркелген, 2014 жылғы 23 мамырдағы № 21 "Баянтау" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
6 тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы:
"қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасы мүгедектерінің күні." түрінде жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағиданың қосымшасында 2 тармақтың 1) тармақшасының сегізінші абзацы:
"қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасы мүгедектер күніне орай:" түрінде жаңа редакцияда жазылсын;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Баянауыл аудандық мәслихатының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жоспар мен бюджет және әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Д. Бақаева |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Т. Қасен |