Баянауыл аудандық мәслихатының (V сайланған кезектен тыс XXXII сессия) 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 165/32 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Баянауыл ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 қазандағы № 214/39 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 қарашада № 4147 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі N 27/05 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 20.07.2016 N 27/05 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Баянауыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Баянауыл ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 165/32 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 05 мамырда № 3789 тіркелген, 2014 жылғы 23 мамырдағы № 21 "Баянтау" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      6 тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы:
      "қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасы мүгедектерінің күні." түрінде жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген Қағиданың қосымшасында 2 тармақтың 1) тармақшасының сегізінші абзацы:
      "қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасы мүгедектер күніне орай:" түрінде жаңа редакцияда жазылсын;
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Баянауыл аудандық мәслихатының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жоспар мен бюджет және әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрайымы Д. Бақаева
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Т. Қасен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады