Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Баянауыл ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 165/32 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 05 мамырда № 3789 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі N 27/05 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 20.07.2016 N 27/05 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11, 16-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Баянауыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қосымша берілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Баянауыл ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
      2. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік–экономикалық даму мәселелері жоспар мен бюджет және әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
      Сессия төрағасы Е. Досов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Т. Қасен

  Бекітілді
Баянауыл аудандық мәслихаттың
2014 жылғы 30 сәуірдегі
№ 165/32 шешімімен

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің
және Баянауыл ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылдың 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамардағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) бекіту туралы" сәйкес әзірленген және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Баянауыл ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Павлодар облысының, статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
      6) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;
      7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
      8) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік;
      9) уәкілетті ұйым – "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығы" (бұдан әрі - МЗТО) Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Павлодар облысының зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы филиалының Баянауыл аудандық бөлімшесі;
      10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Баянауыл ауданының ауыл және ауылдық округ әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
      11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;
      12) шартты ақшалай көмек (бұдан әрі - ШАК) – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем;
      13) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты- ақшалай көмек тағайындау үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 03.07.2015 N 280/46 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Осы қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде уәкілітті органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
      4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғауы туралы" Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта бір рет) көрсетіледі.
      6. Жекеленіп алынған санаттағы алушыларға әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы және мерекелік күндердің тізбесі Баянауыл ауданы әкімдігінің ұсынымы бойынша белгіленді:
      1) атаулы күндер:
      1 қазан - Халықаралық қарттар күні;
      қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасы мүгедектерінің күні;
      2) мереке күндері:
      9 мамыр - Жеңіс күні;
      8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 23.10.2014 N 214/39 (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      7. Учаскелік жәнеи арнайы комиссиялар өз қызметін Павлодар облысы әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
      Арнайы және учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережелерді орталық атқарушы орган бекітеді.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау
және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      8. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін осы қағидалардың қосымшасына сәйкес Баянауыл ауданының әкімдігі белгілейді және Баянауыл ауданы мәслихатының шешімімен бекітіледі.
      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
      3) Баянауыл ауданы мәслихаты ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.
      Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесін Баянауыл ауданының мәслихаты бекітеді.
      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде Баянауыл ауданының мәслихаты бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
      9. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Павлодар облысы әкімдігінің келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
      10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      11. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей МЗТО не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Баянауыл ауданы әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
      12. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округінің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
      3) Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты;
      6) екінші деңгейдегі банктегі немесе бантік операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарындағы жеке шот нөмірін ұсынады.
      13. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
      15. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы учаскелік комиссияның қорытындысын дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
      Баянауыл ауданының кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса беріліп құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
      16. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда, уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
      17. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
      18. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
      19. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
      20. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Осы қағидалардың 16 және 17 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      21. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      21-1. ШАК еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің (адамның) жұмыспен қамтуға және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) беріледі.
      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын және ШАК толенетін кезенде атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылады.
      Отбасының кұрамы өзгерген жағдайда, ШАК мөлшері көрсетілген мәнжайлар орын алған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.
      ШАК тағайндалатын тұлғалардың азық түлік қоржынынан аспайтын жан басына шаққанда орташа табысы болуы.
      Ескерту. Шешім 21-1 тармақпен толықтырылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 03.07.2015 N 280/46 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      22. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
      23. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
      2) өтініш беруші адамның, оның отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін облыс бойынша белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
      24. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
      24-1. Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған ШАК мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Бұл ретте, жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен отбасына (адамға) ШАК толеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      отбасының жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма және облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген кедейлік шегі мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырмасы ретінде төленеді.
      Жан басына шаққандағы орташа табыс ШАК тағайындауға жүгінген айдың алдындағы 3 айда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.
      Отбасының кұрамы өзгерген жағдайда, ШАК мөлшері көрсетілген мәнжайлар орын алған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.
      ШАК отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге беріледі және үміткердің өтініші бойынша ай сайын немесе үш ай үшін бір мезгілде төленеді.
      ШАК-тың біржолғы сомасы бұрынғы қарыздарды өтеуге, тұратын жылжымайтын мүлік сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметтерді жүзеге асыруға арналған шығындардан басқа, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын және т.б. сатып алу), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолданылуға тиіс.
      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, бірақ отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда бір жылдан асырмай алты айға ұзарту мүмкідігімен жасалады.
      Отбасының белсенділігін арттыру әлеуметтік келісімшарты ұзартылған жағдайда, ШАК мөлшері қайта қарастырылмайды.
      Ескерту. Шешім 24-1 тармақпен толықтырылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 03.07.2015 N 280/46 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті
тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      25. Әлеуметтік көмек осындай жағдайларда тоқтатылады:
      1) алушы қайтыс болған;
      2) алушы Баянауыл ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады;
      5) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының және әлеуметтік келісімшартының міндеттемелерін орындамау және (немесе) бұзу.
      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      Ескерту. 25-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 03.07.2015 N 280/46 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      26. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      27. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Баянауыл ауданында әлеуметтік
көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін
айқындаудың Қағидаларына
қосымша

Алушылар санатының тізбесі мен
әлеуметтік көмектің шекті мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 23.04.2015 N 263/45 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. Мынадай санаттағы азаматтардың әлеуметтік көмек алуға құқығы бар:
      1) Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі – ҰОС) қатысушылары мен мүгедектері;
      2) Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан ҰОС қатысушыларға теңестірілген адамдар атап айтқанда:
      басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (бұдан әрі – Кеңестік СРО) үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан – Совет Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы Кеңестік СРО Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер; ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері;
      бұрынғы Кеңестік СРО–ның аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яғни ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы Кеңестік СРО–ның ордендерімен және медальдерімен наградталған жұмысшылар мен қызметшілер;
      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атомдық электростанциясындағы (бұдан әрі – Чернобыль АЭС) апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай–ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар;
      3) ҰОС мүгедектеріне берілетін жеңілдіктер мен әлеуметтік көмектерге теңестірілгендерге, атап айтқанда:
      бұрынғы Кеңестік СРО–ғын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты сондай–ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы садарынан мүгедек болған әскери қызметшілер;
      әскери міндетін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яғни майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде әскери міндетін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы Кеңестік СРО–ның мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар;
      Чернобыль АЭС – індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата–анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары;
      4) Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалар, атап айтқанда;
      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар – ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы;
      қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай–ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері);
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдар, сондай – ақ 1988 - 1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-існдегі апаттың зардабтарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда;
      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасы;
      5) 1941 жылдың 22 маусымының 1945 жылдың 9 мамыр аралығында кемінде алты ай еңбек еткендерге (әскери борышын өтегендерге) бірақ ҰОС кезінде тылдағы ерен еңбегі және мінсіз әскери қызметін атқарған үшін орден және медальдармен наградталмағандарға тұлғалар;
      6) зейнетақының, жәрдемақының ең төменгі мөлшерін алатын немесе зейнетақының, жәрдемақының ең төменгі мөлшерінен төмен алатын, зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтар, атап айтқанда, 80 жастағы және жасы үлкен зейнеткерлер;
      7) мүгедектерге, оның ішінде:
      18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
      1, 2 топтағы мүгедектерге;
      сал ауруымен ауыратын мүгедек балалары бар отбасыларға;
      8) аз қамтамасыз етілген азаматтар, оның ішінде:
      жан басына шаққанда өмір сүру деңгейі төмен кірісі бар отбасыларынан аудандық ауруханаға жүктілігі жөнінде уақытында есепке тұрған жүкті әйелдерге;
      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар;
      өмірлік қиын жағдайына тап болған азаматтар, атап айтқанда 1 айдан аса ұзаққа созылған сырқат, өрт немесе табиғи апат;
      атаулы әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақы алатын және 18 жасқа дейінгі балалары бар мемлекеттік жәрдемақы алатындар санынан кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар, аз қамтамасыз етілген, көп балалы аналар;
      аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жетім балалар;
      9) әлеуметтік маңызды аурулармен ауратын азаматтар, оның ішінде:
      онкологиялық ауруға шалдыққан тұлғалар;
      туберкулез ауруына шалдыққан тұлғалар.
      2. Уәкілетті орган табысты есепке алмай көрсетеді:
      1) атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмек:
      9 мамыр – Жеңіс күніне орай:
      осы Тізбенің 1–тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін – уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
      8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай:
      осы Тізбенің 1–тармағы 8) тармақшасының төртінші абзацындағы көрсетілген санаты үшiн - уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
      1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай:
      осы Тізбенің 1–тармағы 6) тармақшасында көрсетілген санаты үшiн, кент, ауылдық округ әкімдерімен келісілген тізімі негізінде;
      қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасы мүгедектер күніне орай:
      осы Тізбенің 1–тармағы 7) тармақшасында көрсетілген санаты үшiн кент, ауылдық округ әкімдерімен келісілген тізімі негізінде;
      2) біржолғы әлеуметтік көмек:
      осы Тізбенің 1–тармағы 7) тармақшасының үшінші абзацтарындағы көрсетілген санаттарына сауықтыру үшін дәрігерлік консультативтік комиссияның қортындысы, мүгедектігі жөнінде анықтама, жеке өтініші негізінде 7 АЕК;
      осы Тізбенің 1–тармағы 8) тармақшасының үшінші абзацындағы көрсетілген санаты үшін 10 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек – бас бостандығынан айыру орындарынан босату туралы анықтамасының көшірмесі, жеке өтініші негізінде;
      осы Тізбенің 1–тармағы 8) тармақшасының төртінші абзацындағы көрсетілген санаты үшін 30 АЕК – тен 100 АЕК – ке дейінгі мөлшерінде әлеуметтік көмек, Үлгілік қағидалардың 1–қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді, өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және (немесе) құжаты және жеке өтініші негізінде;
      осы Тізбенің 1–тармағы 9) тармақшасының екінші абзацындағы көрсетілген санаты үшін әлеуметтік көмек 10 АЕК мөлшерінде, Павлодар облысы онкологиялық диспансерінде есепте тұрғаны туралы анықтама, жеке өтініші негізінде;
      осы Тізбенің 1–тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында жол шығындарының ақысын төлеуге Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне, Ауған соғысына қатысушыларға және Чернобыль АЭС зардабын жоюға қатысқандарға (Астана қаласына баруға Екібастұз қаласындағы теміржол вокзалына дейін және қайра қайту жол шығынын өтеуге) Қазақстан Республикасы аумағында жылына бір рет госпитальға барғандағы нақты жол құнын растайтын құжаттар және жеке өтініші негізінде;
      осы Тізбенің 1–тармағы 1) тармақшасында көрсетілген санаты үшін үй жөндеу үшін 1 000 000 теңге мөлшерінде;
      3) тоқсан сайын көрсетілетін әлеуметтік көмек:
      осы Тізбенің 1–тармағы 1) тармақшасында көрсетілген санаты үшін 2 АЕК мөлшерінде облыс орталығына барып қайту жол ақысын қайтару – уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
      осы Тізбенің 1–тармағы 4) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарындағы, көрсетілген санаттары үшін тұрғын үй коммуналдық қызметінің шығындарын өтеу 6 АЕК мөлшерінде – уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
      осы Тізбенің 1–тармағы 2) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарындағы көрсетілген санаты үшін сауықтыруға 2 АЕК мөлшерінде – уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
      4) ай сайын көрсетілетін әлеуметтік көмек:
      осы Тізбенің 1–тармағы 1) тармақшасында көрсетілген санаты үшін дәрі–дәрмек сатып алуға 2 АЕК мөлшерінде – уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
      осы Тізбенің 1–тармағы 1) тармақшасында көрсетілген санаты үшін тұрғын үй коммуналдық қызметінің шығындарын өтеуге 5 АЕК мөлшерінде – уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
      осы Тізбенің 1–тармағы 2) тармақшасының екінші абзацындағы, 3) тармақшасының екінші, төртінші абзацтарындағы көрсетілген санаты үшін 2 АЕК мөлшерінде уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
      осы Тізбенің 1–тармағы 7) тармақшасының төртінші абзацындағы көрсетілген санаты үшін 1 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек уәкілетті ұйымның тізімі негізінде және мүгедектігі жөнінде анықтама;
      осы Тізбенің 1–тармағы 8) тармақшасының алтыншы абзацындағы көрсетілген санаты үшін 15235 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек – жатақханасына, тамағына және жол ақысына төлеуге студентпен жоғары оқу орнының басшысымен және Баянауыл ауданының әкімімен қол қойылған үш жақты келісім–шарты негізінде;
      осы Тізбенің 1–тармағы 9) тармақшасының үшінші абзацындағы көрсетілген санаты үшін амбулаторлық ем алу 6 АЕК мөлшерінде – сырқатты растайтын аурухананың анықтамасы, жеке өтініші негізінде;
      осы Тізбенің 1–тармағы 9) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаты үшін "Павлодар облыстық онкологиялық диспансер" мемлекеттік мекемесіне барып қайту нақты жол шығындарының ақысын төлеуге, тексеруден немесе онколог – дәрігерінің консультациясы жөніндегі анақтамасы, жол көліктерінің билеттері және жеке өтініші негізінде;
      3. Уәкілетті орган табыстарын есептеп көрсетеді:
      1) біржолғы әлеуметтік көмек:
      осы Тізбенің 1–тармағы 8) тармақшасының алтыншы абзацындағы көрсетілген санаты үшін (облыс әкімі грантының иегерлері болып саналатындарға) жоғары оқу орнындағы оқуының нақты оқу кұнын төлеу үшін әлеуметтік көмек – студентпен жоғары оқу орнының басшысымен және Баянауыл ауданының әкімімен қол қойылған үш жақты келісім–шарты, және жеке өтініші негізінде;
      осы Тізбенің 1–тармағы 8) тармақшасының екінші абзацындағы көрсетілген санаты үшін 5 АЕК мөлшерінде, Үлгілік қағидалардың 1–қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді, адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді, дәрігерлік анықтама, балалардың туу туралы куәліктері және жеке өтініші негізінде;
      осы Тізбенің 1–тармағы 8) тармақшасының төртінші абзацындағы көрсетілген санаты үшін жан басына шаққандағы кірістер өмір сүру деңгейінен аспайтын жағдайда әлеуметтік көмек 10 АЕК мөлшерінде, Үлгілік қағидалардың – қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді, адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді, өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және (немесе) құжаты және жеке өтініші негізінде.

  Баянауыл аудандық
мәслихатының 2014 жылғы
30 сәуірдегі № 165/32
шешімімен бекітілген
Әлеуметтік көмек
көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің
және Баянауыл
ауданының мұқтаж
азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларының
1 қосымшасы
  Отбасыны тiркеу нөмiрi ____________

Өтiнiш берушiнiң отбасы құрамы туралы мәлiметтер

      Ескерту. Шешім 1-қосымшамен толықтырылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 03.07.2015 N 280/46 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      _________________________                         ________________________
      (Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.)                              (үйiнiң мекен жайы, тел.)

Р/с №
Отбасы мүшелерiнiң Т.А.Ә.
Өтiнiш берушiге туыстық қатынасы
Туған жылы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Өтiнiш берушiнiң қолы __________________ Күнi ______________
      Отбасының құрамы туралы мәлiметтердi куәландыруға уәкiлеттi органның лауазымды адамының Т.А.Ә. _____________________
      (қолы)

  Баянауыл аудандық
мәслихатының 2014 жылғы
30 сәуірдегі № 165/32
шешімімен бекітілген
Әлеуметтік көмек
көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің
және Баянауыл
ауданының мұқтаж
азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларының
2 қосымшасы

"Өрлеу" жобасына қатысу үшін әңгімелесу парағы

      Ескерту. Шешім 2-қосымшамен толықтырылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 03.07.2015 N 280/46 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Өтініш берушінің Т.А.Ә. _____________________________________________
      Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманының Т.А.Ә.
      ___________________________________________________________________
      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде шартты ақшалай көмек алуға өтініш берген қүн _____________________________________________
      Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) сипаттамасы: __________________________
      __________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      Отбасының жұмыс істемейтін ересек мүшелерінің еңбек қызметі (жұмыс орны, лауазымы, жұмыстан шығу себептері):

Отбсы мүшелері
Кәсібі
Соңғы жұмыс орны, жұмыстан шығу себептері
Жалпы жұмыс өтілі
Соңғы жұмыс орнындағы жұмыс өтілі
Еңбек дағдылары және шеберлігі
Жұмыссыздық кезеңінің ұзақтығы
Өтініш беруші
 
 
 
 
 
 
Зайыбы (жұбайы)
 
 
 
 
 
 
Басқа ересектер
 
 
 
 
 
 

      Еңбек қызметінің мүмкіндіктері (пікір):
      Өтініш беруші: ____________________________________________________________
      Зайыбы (жұбайы): __________________________________________________________
      Отбасының басқа да ересек мүшелері: _________________________________________
      Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас___________________________________
      __________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      Отбасының қиындықтары ___________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      Отбасының мүмкіндіктері (әлеуеті) - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманың бағасы ___________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      Проблемалар, мазасыздық (бүгінгі күннің қиындықтары), не кедергі келтіреді __________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) қалауы ________________________________
      __________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      Басқа_____________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      Тараптардың қолы
      Жұмыспен қамту және әлеуметтік                              Қатысушы (лар)
      Бағдарламалар бөлімі
      ____________________ (қолы)                        ________________(қолы)
      ____________________(күні)                        _________________(күні)

  Баянауыл аудандық
мәслихатының 2014 жылғы
30 сәуірдегі № 165/32
шешімімен бекітілген
Әлеуметтік көмек
көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің
және Баянауыл
ауданының мұқтаж
азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларының
3 қосымшасы

"Өрлеу жобасына қатысуға өтініш берушінің отбасылық
және материалдық жағдайы туралы сауалнама

      Ескерту. Шешім 3-қосымшамен толықтырылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 03.07.2015 N 280/46 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Бір мекенжай бойынша тіркелген өтініш беруші мен отбасы мүшелері туралы мәліметтер:
Т.А.Ә.
Туған жылы
Туыстық қатысы
Негізгі қызметі (жұмыс істеуші, жұмыс істейтін зейнеткер, жасына байланысты зейнеткер, мүгедек, жұмыссыз, бала күтімі бойынша демалыста, үй шаруасындағы әйел, студент, оқушы, мектеп жасына дейінгі бала)
Жұмыс істейтін адамдар үшін жұмыс орны және лауазымы, оқушылар үшін қазіргі уақыттағы оқу орны
15 жастан асқан адамдар үшін білімі (растайтын құжаты бар білімі)
 
 
өтініш беруші
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Мектеп жасына дейінгі балалар мектепке дейінгі ұйымға бара ма __________________
      __________________________________________________________________________

өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің шартты ақшалай көмек алуға өтініш берген айдың алдындағы 12 айдағы табыстары туралы мәліметтер (табыстың барынша дәл санын жазыңыз). Ақпараттық жүйелерден алынған деректершартты ақшалай көмек сомасын есептеу үшін негіз болып табылады
р/с №
өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.
Жұмыс, оқу орны (жұмыссыздар жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның анықтамасымен тіркелу фактісін растайды)
Құжаттамалық расталған табыс сомалары
Өзге де мәлімделген табыстар
Еңбек қызметінен түскен
Зейнетақылар, жәрдемақылар
Кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс
Шәкіртақылар
Алименттер
Өзге де табыстар
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      *Отбасының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайы:
      Тұрғын алаңы: _____________ шаршы метр; меншік нысаны: ____________________;
      Ас үй, қойма және дәлізді есептемегенде бөлмелер саны ___________;
      Тұрғын үйдің сапасы (қалыпты жағдайда, ескі, авариялық жағдайда, жөнделмеген);
      қажеттісінің астын сызу
      үйдің материалы (кірпіш, ағаш, қаңқа-қамыстан жасалған, сабан, іргетасы жоқ саман, қол астындағы материалдардан салынған, уақытша баспана, киіз үй);
      қажеттісінің астын сызу
      тұрғын үйдің жабдықтары (су құбыры, дәретхана, кәріз, жылу, газ, жуынатын бөлме, лифт, телефон және т.б.)
      қажеттісінің астын сызу
      __________________________________________________________________________
      Менің отбасымның мүшелеріне меншік құқығында тиесілі жылжымайтын мүлік пен мүлік, жер учаскесін, шаруа қожалығын, жеке қосалқы шаруашылықты иелену туралы мәліметтер:

Мүліктің түрі
Мүліктің сипаттамасы (саны, көлемі, үлгісі және т.б.)
Тиесілігі
 
 
 
 
 
 

      Отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы, мүгедектіктің, аурулардың болуы (тексеруден қашан және қайдан өтті, қандай ем қабылдайды, диспансерлік есепте тұра ма), соңғы жылдары болған операциялар немесе жарақаттар:
      ________________________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      өтініш беруші ________________________________________________________________________________
      зайыбы (жұбайы) ________________________________________________________________________________
      балалар ________________________________________________________________________________
      басқа да туысқандар ________________________________________________________________________________
      16 жас0а дей3нг3 м8гедек бала (16 жасқа дейінгі мүгедек балалар) алатын арнаулы әлеуметтік қызметтер:
      ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      Отбасының метериалдық жағдайына Сіздің беретін бағаңыз:
      □ тамақтануға да жетпейді
      □ тамақтануға ғана жетеді
      □ тамақтануға және басқа қажеттілік заттарына ғана жетеді
      □ балаларды киіммен, аяқ киіммен және мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ
      Өмірдегі қиын жағдайдан шығуды көздейтін қызметтің бағыттары (өтініш берушінің пікірі)
      ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      Сіз жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қандай белсенді шараларына қатыса аласыз :
      □ бос тұрған жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру;
      □ іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалардың шеңберінде жұмыс орындарына орналастыру;
      □ микрокредит беру;
      □ кәсіптік оқыту (даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру);
      □ әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастыру;
      □ "жастар практикасына" қатысу;
      □ әлеуметтік-экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық даму орталықтарына қоныс аударуға қатысу
      ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      _________________             ____________________________________       _____________
      (күні)                                    (Т.А.Ә.)                        (подпись)

  Баянауыл аудандық
мәслихатының 2014 жылғы
30 сәуірдегі № 165/32
шешімімен бекітілген
Әлеуметтік көмек
көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің
және Баянауыл
ауданының мұқтаж
азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларының
4 қосымшасы

Өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның
(отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТIСI

      Ескерту. Шешім 4-қосымшамен толықтырылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 03.07.2015 N 280/46 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      20__ ж. "___" _______
      _____________________
      (елдi мекен)
      1. Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. ______________________________________________
      2. Тұратын мекенжайы __________________________________________________
      _______________________________________________________________________
      3. Өтiнiш берушi әлеуметтiк көмекке өтiнiш берген туындаған өмiрлiк қиын жағдай
      ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледi) ______
адам, оның iшiнде:

Р/с №
Т.А.Ә.
Туған күнi
Өтiнiш берушiге туыстық қатынасы
Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)
Жұмыспен қамтылмау себебi
Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсiптiк даярлығы (қайта даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсендi шараларына қатысуы туралы мәлiметтер
Өмiрлiк қиын жағдай
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Еңбекке жарамды барлығы _________________________________ адам.
      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретiнде тiркелгендерi ____адам.
      Балалардың саны: ______________________________________________
      жоғары және орта оқу орындарында ақылы негiзде оқитындар ______адам, оқу құны жылына ______ теңге.
      Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерiнiң, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектерiне теңестiрiлгендердiң, зейнеткерлердiң, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтiк маңызы бар аурулары (қатерлi iсiктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердiң, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты
қосу керек)____________________________________________________________________ _
      5. Өмiр сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендiрiлген тұрғын үй, қызметтiк тұрғын үй, тұрғын үй кооперативi, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету керек):__________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      Тұрғын үйдi ұстауға арналған шығыстар:_______________________________________
      __________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      Отбасының табысы:

Р/с №
Табысы бар отбасы мүшелерiнiң (оның iшiнде өтiнiш берушiнiң) Т.А.Ә.
Табыс түрi
Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)
Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесi (жер үлесi) туралы мәлiметтер
тоқсанға
орта есеппен айына
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      6. Мыналардың:
      автокөлiгiнiң болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретiн құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлiмделген табыс) ______________________________________ қазiргi уақытта өздерi тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдiң болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлiмделген табыс)___________________________________________
      __________________________________________________________________________
      7. Бұрын алған көмегi туралы мәлiметтер (нысаны, сомасы, көзi):
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзi):
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киiммен, аяқ киiммен қамтамасыз етiлуi _____________________________________________________________________
      10. Тұратын жерiнiң санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы _____
      _____________________________________________________________________
      Комиссия төрағасы:
      ________________________       ________________________
      Комиссия мүшелерi:
      ________________________       ________________________
      ________________________       ________________________
      ________________________       ________________________
      ________________________       ________________________
      (қолдары)                              (Т.А.Ә.)
      Жасалған актiмен таныстым: ____________________________________
      Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. және қолы
      Тексеру жүргiзiлуден бас тартамын ______________________өтiнiш
      берушiнiң (немесе отбасы мүшелерiнiң бiрiнiң) Т.А.Ә. және қолы, күн
      ____________________________________________________________________
      (өтiнiш берушi тексеру жүргiзуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

  Баянауыл аудандық
мәслихатының 2014 жылғы
30 сәуірдегі № 165/32
шешімімен бекітілген
Әлеуметтік көмек
көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің
және Баянауыл
ауданының мұқтаж
азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларының
5 қосымшасы

Учаскелiк комиссияның № ______ қорытындысы

      Ескерту. Шешім 5-қосымшамен толықтырылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 03.07.2015 N 280/46 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      20__ ж. "___" ______
      Учаскелiк комиссия Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларына сәйкес өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш берген адамның (отбасының)
      _____________________________________________________________________
      (өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты)
      өтiнiшiн және оған қоса берiлген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар
және өтiнiш берушiнiң (отбасының) материалдық жағдайын тексеру
нәтижелерiнiң негiзiнде
      _____________________________________________________________________
      (қажеттiлiгi, қажеттiлiктiң жоқтығы)
      адамға (отбасыға) өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады
      Комиссия төрағасы: __________________ _______________________
      Комиссия мүшелерi: __________________ _______________________
      __________________       _______________________
      __________________       _______________________
      __________________       _______________________
      (қолдары)                              (Т.А.Ә.)
      Қорытынды
      қоса берiлген құжаттармен ___ данада
      20__ ж. "___" ___________ қабылданды
      Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң немесе
      уәкiлеттi орган қызметкерiнiң Т.А.Ә., лауазымы, қолы __________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады