Качир ауданы Жаңа-Құрылыс ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы

Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 14/33 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 08 қазанда № 4078 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 2/51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 06.12.2019 № 2/51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес Качир аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Качир ауданы Жаңа-Құрылыс ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары бекітілсін.

      2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Качир ауданы Жаңа-Құрылыс ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы тұрғындарының жалпы санынан 1 (бір) % мөлшерінде бекітілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала мен заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Баяндинов
      Качир аудандық
      мәслихатының хатшысы С. Баяндинов

  Качир аудандық мәслихатының
(V сайланған ХХХІІІ сессиясы)
2014 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 14/33 шешімімен
бекітілген

Качир ауданы Жаңа-Құрылыс ауылдық округінің аумағында
бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Качир ауданы Жаңа-Құрылыс ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Качир ауданы Жаңа-Құрылыс ауылдық округі аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Качир ауданы Жаңа-Құрылыс ауылдық округі аумағында ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Качир ауданы Жаңа-Құрылыс ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Качир ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ауылдар шегінде бөлек жиынды Качир ауданы Жаңа-Құрылыс ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудын алдында Качир ауданы Жаңа-Құрылыс ауылдық округінің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Качир ауданы Жаңа-Құрылыс ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Качир ауданы Жаңа-Құрылыс ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Качир аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Качир ауданы Жаңа-Құрылыс ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Жана-Курлусского сельского округа Качирского района

Решение маслихата Качирского района Павлодарской области от 26 сентября 2014 года № 14/33. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 08 октября 2014 года № 4078. Утратило силу решением маслихата района Тереңкөл Павлодарской области от 6 декабря 2019 года № 2/51 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением маслихата района Тереңкөл Павлодарской области от 06.12.2019 № 2/51 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Типовыми правилами проведения раздельных сходов местного сообщества, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106, Качирский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Жана-Курлусского сельского округа Качирского района.

      2. Утвердить количественный состав представителей жителей сел Жана-Курлусского сельского округа Качирского района для участия в сходе местного сообщества в количестве 1 (один) % от общего числа жителей села.

      3. Контроль за выполнением данного решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по социальной сфере и законности.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии С. Баяндинов
      Секретарь Качирского
      районного маслихата С. Баяндинов

  Утверждены
решением Качирского
районного маслихата
(ХХХІІІ-сессия, V-созыв)
от 26 сентября 2014 года № 14/33

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества
на территории Жана-Курлусского сельского округа Качирского района

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Жана-Курлусского сельского округа Качирского района разработаны в соответствии со статьей 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", а также Типовыми правилами проведения раздельных сходов местного сообщества, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 и устанавливают порядок проведения раздельного схода местного сообщества жителей сел на территории Жана-Курлусского сельского округа Качирского района.

      2. Раздельный сход местного сообщества жителей сел (далее – раздельный сход) на территории Жана-Курлусского сельского округа Качирского района созывается и проводится с целью избрания представителей для участия в сходе местного сообщества.

2. Порядок проведения раздельных сходов

      3. Раздельный сход созывается акимом Жана-Курлусского сельского округа Качирского района.

      Проведение раздельного схода допускается при наличии положительного решения акима Качирского района на проведение схода местного сообщества.

      4. О времени, месте созыва раздельного схода и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      5. Проведение раздельного схода в пределах сел организуется акимом Жана-Курлусского сельского округа Качирского района.

      6. Перед открытием раздельного схода проводится регистрация присутствующих жителей Жана-Курлусского сельского округа Качирского района, имеющих право в нем участвовать.

      7. Раздельный сход открывается акимом Жана-Курлусского сельского округа Качирского района или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода является аким Жана-Курлусского сельского округа Качирского района или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода открытым голосованием избирается секретарь.

      8. Кандидатуры представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода в соответствии с количественным составом, утвержденным Качирским районным маслихатом.

      Количество представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества определяется на основе принципа равного представительства.

      9. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшие голоса участников раздельного схода.

      10. На раздельном сходе ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима Жана-Курлусского сельского округа Качирского района.