Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 30.12.2019 № 3/53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес Качир аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Качир ауданының елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет әлеуметтік көмек ұсынылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджеттік саясаты мен экономикалық даму мәселелер жөніндегі комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Баяндинов |
Качир аудандық мәслихатының хатшысы | С. Баяндинов |