Качир ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек ұсыну туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 4/33 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 08 қазанда № 4089 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 3/53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 30.12.2019 № 3/53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес Качир аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Качир ауданының елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет әлеуметтік көмек ұсынылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджеттік саясаты мен экономикалық даму мәселелер жөніндегі комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Баяндинов
      Качир аудандық мәслихатының хатшысы С. Баяндинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады