Успен ауданы Богатырь ауылы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 195/38 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 09 қазанда № 4100 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2019 жылғы 17 маусымдағы № 222/47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 17.06.2019 № 222/47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3–бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 Қаулысына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Успен ауданы Богатырь ауылы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары бекітілсін.

      2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Успен ауданы Богатырь ауылының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы тұрғындарының жалпы санынан 3 (үш) % мөлшерде бекітілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Cессия төрағасы

Э. Руфф

Аудандық мәслихат хатшысы

Р. Бечелова


Успен аудандық мәслихатының
(V сайланған ХХХVІІІ
(кезектен тыс) сессиясы)
2014 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 195/38 шешімімен
Бекітілген

Успен ауданы Богатырь ауылы аумағында бөлек
жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Успен ауданы Богатырь ауылы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3–бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 Қаулысына сәйкес әзірленді және Успен ауданы Богатырь ауылы аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Успен ауданы Богатырь ауылы аумағында тұрғындардың бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Богатырь ауылының әкімі шақырады.

      Успен ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиынның шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ауыл шегінде бөлек жиынды өткізуді Богатырь ауылының әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудын алдында Успен ауданы Богатырь ауылының қатысып отырған және оған қатысу құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Успен ауданы Богатырь ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Успен ауданы Богатырь ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Успен аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Богатырь ауылының әкімінің аппаратына береді.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории села Богатырь Успенского района

Решение маслихата Успенского района Павлодарской области от 25 сентября 2014 года № 195/38. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 09 октября 2014 года № 4100. Утратило силу решением маслихата Успенского района Павлодарской области от 17 июня 2019 года № 222/47 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Успенского района Павлодарской области от 17.06.2019 № 222/47 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и Постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества", Успенский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения раздельных сходов местного сообщества на территории села Богатырь Успенского района.

      2. Утвердить количественный состав представителей жителей села Богатырь Успенского района для участия в сходе местного сообщества в количестве 3 (три) % от общего числа жителей села.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по социальным вопросам.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

Председатель сессии

Э. Руфф

Секретарь районного маслихата

Р. Бечелова


Утвержден
решением сессии (ХХХVIII
(внеочередная) сессия V созыв)
Успенского районного маслихата
от 25 сентября 2014 года № 195/38

Правила проведения раздельных сходов местного
сообщества на территории села Богатырь Успенского района
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества на территории села Богатырь Успенского района разработаны в соответствии со статьей 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", а также Постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей села на территории села Богатырь Успенского района.

      2. Раздельный сход местного сообщества жителей (далее – раздельный сход) на территории села Богатырь Успенского района созывается и проводится с целью избрания представителей для участия в сходе местного сообщества.

2. Порядок проведения раздельных сходов

      3. Раздельный сход созывается акимом села Богатырь.

      Проведение раздельного схода допускается при наличии положительного решения акима Успенского района на проведение схода местного сообщества.

      4. О времени, месте созыва раздельного схода и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иным способом.

      5. Проведение раздельного схода в пределах села организуется акимом села Богатырь.

      6. Перед открытием раздельного схода проводится регистрация присутствующих жителей села Богатырь Успенского района, имеющих право в нем участвовать.

      7. Раздельный сход открывается акимом села Богатырь Успенского района или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода является аким села Богатырь Успенского района или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода открытым голосованием избирается секретарь.

      8. Кандидатуры представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода в соответствии с количественным составом, утвержденным Успенским районным маслихатом.

      Количество представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества определяется на основе принципа равного представительства.

      9. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшие голоса участников раздельного схода.

      10. На раздельном сходе ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима села Богатырь.