Шарбақты ауданы Татьяновка ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдарының тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 152/48 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 8 қазанда № 4065 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 104/31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 07.12.2017 № 104/31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 39–3–бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Шарбақты ауданы Татьяновка ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары бекітілсін.

      2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Шарбақты ауданы Татьяновка ауылдық округінің ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы тұрғындарының жалпы санынан 1 (бір) % мөлшерде бекітілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының заңнама және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы В. Лямцев
      Аудандық мәслихат хатшысы Т. Абдрахманов

  Шарбақты аудандық
мәслихатының 2014 жылғы
24 қыркүйектегі
№ 152/48 шешімімен
Бекітілген

Шарбақты ауданы Татьяновка ауылдық
округінің аумағында бөлек жергілікті
қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Шарбақты ауданы Татьяновка ауылдық округінің ауылдары аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 39–3–бабына, сондай–ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес әзірленді және Шарбақты ауданы Татьяновка ауылдық округінің аумағындағы ауылдары тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Шарбақты ауданы Татьяновка ауылдық округінің аумағындағы тұрғындардың бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Татьяновка ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Шарбақты ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ауыл аумағында бөлек жиынды өткізуді Татьяновка ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдардың қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарына тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Шарбақты ауданы Татьяновка ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Шарбақты ауданы Татьяновка ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдардың тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Шарбақты аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдардың тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Татьяновка ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Татьяновского сельского округа Щербактинского района

Решение маслихата Щербактинского района Павлодарской области от 24 сентября 2014 года № 152/48. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 8 октября 2014 года № 4065. Утратило силу решением маслихата Щербактинского района Павлодарской области от 7 декабря 2017 года № 104/31 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Щербактинского района Павлодарской области от 07.12.2017 № 104/31 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 39–3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества", Щербактинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Татьяновского сельского округа Щербактинского района.

      2. Утвердить количественный состав представителей жителей сел Татьяновского сельского округа Щербактинского района для участия в сходе местного сообщества в количестве 1 (один) % от общего числа жителей села.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Щербактинского районного маслихата по вопросам законности и социальной политики.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии В. Лямцев
      Секретарь районного маслихата Т. Абдрахманов

  Утверждены
решением Щербактинского
районного маслихата
от 24 сентября 2014 года
№ 152/48

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества
на территории Татьяновского сельского округа Щербактинского района

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Татьяновского сельского округа Щербактинского района разработаны в соответствии со статьей 39–3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", а также Постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей сел на территории Татьяновского сельского округа Щербактинского района.

      2. Раздельный сход местного сообщества жителей (далее – раздельный сход) на территории Татьяновского сельского округа Щербактинского района созывается и проводится с целью избрания представителей для участия в сходе местного сообщества.

2. Порядок проведения раздельных сходов

      3. Раздельный сход созывается акимом Татьяновского сельского округа.

      Проведение раздельных сходов допускается при наличии положительного решения акима Щербактинского района на проведение схода местного сообщества.

      4. О времени, месте созыва раздельных сходов и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иным способом.

      5. Проведение раздельного схода в пределах сел организуется акимом Татьяновского сельского округа.

      6. Перед открытием раздельного схода проводится регистрация присутствующих жителей соответствующих сел, имеющих право в нем участвовать.

      7. Раздельный сход открывается акимом Татьяновского сельского округа Щербактинского района или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода является аким Татьяновского сельского округа Щербактинского района или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода открытым голосованием избирается секретарь.

      8. Кандидатуры представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода в соответствии с количественным составом, утвержденным маслихатом Щербактинского района.

      Количество представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества определяется на основе принципа равного представительства.

      9. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшие голоса участников раздельного схода.

      10. На раздельном сходе ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима Татьяновского сельского округа.