Шарбақты аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 104/31 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 желтоқсанда № 5735 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі "Шарбақты ауданы Сынтас ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдарының тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы" № 151/48 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4064 тіркелген, 2014 жылғы 16 қазандағы аудандық "Маралды" газетінде, 2014 жылғы 16 қазандағы аудандық "Трибуна" газетінде жарияланған);

      2) Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі "Шарбақты ауданы Татьяновка ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдарының тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы" № 152/48 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4065 тіркелген, 2014 жылғы 16 қазандағы аудандық "Маралды" газетінде, 2014 жылғы 16 қазандағы аудандық "Трибуна" газетінде жарияланған).

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихаттың заңдылық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Лямцев
      Аудандық мәслихат хатшысы С. Шпехт

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады