Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 510-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 43-1-бабына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1..V сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІ сессиясының 2012 жылғы 12.желтоқсандағы № 78 «2013 жылға арналған «Медеу» Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ерекше қорғалатын табиғи аумағын пайдалану үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 961 нөмірімен енгізілген, 2013.жылғы 12.қаңтарда «Алматы Ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбындағы және бүкіл мәтін бойынша «2013 жылға арналған» деген сөздер алынып тасталсын.
2..Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты депутаттық комиссиясының төрағасы№С.А..Козловқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә.Шормановқа (келісім бойынша) жүктелсін.
3..Алматы қаласы мәслихатының хатшысы Т.-Мұқашев нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
4.-Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ХХVI сессиясының төрағасы,
V сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев
Келісілді:
Алматы қаласы әкімінің
орынбасары Е. Шорманов
Алматы қаласы бойынша
Салық департаментінің басшысы Ж. Инкербаев
Алматы қаласы Табиғи
ресурстар және табиғатты
пайдалануды реттеу
басқармасының басшысы А. Рахимбетов
Алматы қаласы әкімі аппараты
заң бөлімінің басшысы А. Қасымова