"Медеу" Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ерекше қорғалатын табиғи аумағын пайдалану үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІ сессиясының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 78 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2013 жылғы 8 қаңтарда N 961 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының кезекті XXIV сессиясының 2024 жылғы 29 қарашадағы № 172 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының кезекті XXIV сессиясының 29.11.2024 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
      Ескерту. Тақырыбында және барлық мәтін бойынша "2013 жылға арналған" деген сөздері алынып тасталды - Алматы қаласы мәслихатының 24.04.2014 N 219 шешімімен (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 21.11.2018 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 591-бабына және Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 10-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 21.11.2018 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. "Медеу" Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ерекше қорғалатын табиғи аумағын пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 21.11.2018 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Алматы қаласы мәслихатының хатшысы Т.Т. Мұқашевқа нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізу жүктелсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты депутаттық комиссиясының төрағасы С.А. Козловқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Шормановқа (келісім бойынша) жүктелсін.

      4. Осы шешім 2013 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      V сайланған Алматы қаласы
мәслихаты ХI сессиясының төрағасы
А. Шардинов
      V сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы
Т. Мұқашев

  V сайланған Алматы қаласы
мәслихаты XI сессиясының
2012 жылғы "12" желтоқсандағы
№ 78 шешіміне қосымша

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 21.11.2018 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

"Медеу" Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ерекше қорғалатын табиғи аумағын
(ЕҚТА) пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері

р/с

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Төлем ставкасы


Туристік және рекреациялық мақсаттарда:

1.

Жеңіл автокөлік

теңге/автомашина

0

2.

Жүк автокөлігі және автобустар

теңге/автомашина

0

3.

Автобус бағыттарынан түсімдер

теңге/жыл

0

4.

ЕҚТП аумағында жұмыс істейтін көлік иелерінің автокөлігі

теңге/жыл

0


      V сайланған Алматы қаласы

      мәслихаты ХІ сессиясының

      төрағасы А. Шардинов

      V сайланған Алматы қаласы

      мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев

      Келісілді:

      Алматы қаласы

      әкімінің орынбасары Е. Шорманов

      Алматы қаласы бойынша

      Салық департаментінің

      бастығы Б. Қарымсақов

      Алматы қаласы Табиғи ресурстар

      және табиғатты пайдалануды

      реттеу басқармасының

      бастығы А. Рахимбетов

      Алматы қаласы Қаржы

      басқармасының бастығы А. Әбдіқадырова

      Алматы қаласы Экономика және

      бюджеттік жоспарлау

      басқармасының бастығы С. Қабдолов

      Алматы қаласы әкімі аппараты

      заң бөлімінің меңгерушісі А. Қасымова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады