Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 17.03.2015 № 316 шешімімен (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 38-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 487-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2014 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2..V.сайланған Алматы қаласы мәслихатының XVI сессиясының 2013 жылғы 22 мамырдағы № 118 «2013 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 984 нөмірімен енгізілген, «Алматы Ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде 2013 жылғы 4 шілдеде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты депутаттық комиссиясының төрағасы С.А..Козловқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Шормановқа (келісім бойынша) жүктелсін.
4. Алматы қаласы мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ХХVI сессиясының төрағасы,
V сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев
Келісілді:
Алматы қаласы
әкімінің орынбасары Е. Шорманов
Алматы қаласы бойынша
Салық департаментінің басшысы Ж. Инкербаев
Алматы қаласы Табиғи
ресурстар және табиғатты пайдалануды
реттеу басқармасының басшысы А. Рахимбетов
Алматы қаласы Қаржы
басқармасының басшысы А. Әбдіқадырова
Алматы қаласы Экономика
және бюджеттік жоспарлау
басқармасының басшысы С. Қабдолов
Алматы қаласы әкімі
аппараты заң бөлімінің
басшысы А. Қасымова
V сайланған
Алматы қаласы мәслихаты
XXVI сессиясының
2014 жылғы 24 cәуірдегі № 218
шешіміне қосымша
2014 жылға арналған Алматы қаласы бойынша
жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдалану
үшін төлемақы ставкалары
Арнайы су пайдалану түрі |
|||||||
Өзендер, көлдер, теңіз- |
Тұрғын үй пайда- |
Өнеркәсіп, |
Ауыл |
Су көзде- |
Балық шаруашы- |
Гидро- |
Су көлігі, |
Балқаш және Алакөл көлдерінің және өзендердің алаптары |
84 |
232 |
66 |
64 |
165 |
25 |
7 |
ХХVI сессиясының төрағасы,
V сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев