Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 24.04.2014 № 218 шешімімен (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 Су кодексінің 38 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"(Салық кодексі) кодексінің 487 бабының 1 тармағына сәйкес V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2013 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXXХХ сессиясының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы «2012 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдалану үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» № 493 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 913 болып тіркелген, «Алматы Ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде 2011 жылдың 31 желтоқсанында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Алматы қаласы мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізілуін қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты депутаттық комиссиясының төрағасы С. Козловқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа жүктелсін (келісім бойынша).
5. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін және ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi.
V сайланған
Алматы қаласы мәслихаты
ХVІ сессиясының төрағасы А. Моргунов
V сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев
Келісілді:
Алматы қаласы
әкімінің орынбасары Е. Шорманов
Алматы қаласы бойынша
Салық департаментінің басшысы Б. Қарымсақов
Алматы қаласы Табиғи
ресурстар және табиғатты пайдалануды
реттеу басқармасының басшысы А. Рахимбетов
Алматы қаласы Қаржы
басқармасының басшысы А. Әбдіқадырова
Алматы қаласы Экономика
және бюджеттік жоспарлау
басқармасының басшысы С. Қабдолов
Алматы қаласы әкімі
аппараты заң бөлімінің
басшысы А. Қасымова
V сайланған
Алматы қаласы мәслихаты
XVІ сессиясының
2013 жылғы «22» мамырдағы
№ 118 шешіміне қосымша
2013 жылға арналған
Алматы қаласы бойынша жер үсті көздерінің
су ресурстарын пайдаланғаны үшін
төлемақы ставкалары
Арнайы су пайдалану түрі |
|||||||
Өзен- |
Үй- |
Өнер- |
Ауыл- |
Су |
Балық |
Гидро- |
Су |
Балқаш |
80 |
221 |
64 |
61 |
158 |
24 |
7 |
V сайланған
Алматы қаласы мәслихаты
ХVІ сессиясының төрағасы А. Моргунов
V сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев