Алматы қаласының метрополитенімен жолаушылар тасымалын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 4/908 қаулысы. Алматы қаласының Әділет департаментінде 2014 жылғы 02 желтоқсанда № 1111 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 01 сәуірдегі № 2/118 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 01.04.2016 № 2/118 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 9 бабына, және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласының метрополитенімен жолаушылар тасымалын субсидиялау қағидалары бекітілсін.
      2. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы осы қаулыны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi және оны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Алматы қаласының әкімі
А. Есімов
 
Алматы қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 31 қазандағы
№ 4/908 қаулысымен бекітілді

Алматы қаласының метрополитенімен жолаушылар тасымалын субсидиялау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар Алматы қаласының метрополитенімен жолаушылар тасымалдарын субсидиялау тәртібін айқындайды (бұдан әрі - Қағидалар).
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) метрополитен–жолаушыларды және жүкті көліктің басқа түрлерінің желілерінен және олардан жаяу жүргіншілердің өтуін оқшаулайтын (бөлінген, бір деңгейлі қиылысы жоқ) жолдар бойынша ұдайы әлеуметтік мәні бар тасымалдауды жүзеге асыратын, қалалық көлік рельсінің түрі;
      2) маршрут – көлік құралының бастапқы және соңғы пункті арасындағы жүру жолы;
      3) жолаушы – жол жүру құжаты (билеті) бар және метрополитенде жол жүретін жеке тұлға;
      4) тасымалдаушының есептеу тарифі – бір жолаушыны тасымалдаудың өзіндік құны;
      5) жергілікті уәкілетті орган - жолаушылар тасымалы және жолаушылар тасымалы кәсіпорындарының қызметін үйлестіру, оның ішінде метрополитенді пайдалану, Алматы қаласының қоғамдық көлік қызметтеріне қажеттіліктерін қолданыстағы заңнама шеңберінде толық және сапалы қанағаттандыру мақсатында жол қозғалысының қауіпсіздігін ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын орындауға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган.
      Өзге ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген.
      3. Субсидиялауға тасымалдаушының метрополитенде жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты залалдары жатады.
      4. Метрополитенмен жолаушылар тасымалын субсидиялау жергілікті бюджеттен жүргізіледі.

2. Метрополитенмен жолаушылар тасымалын субсидиялаудың тәртібі

      5. Тасымалдаушы шарт жасасқаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде жергілікті уәкiлетті органға кірістер мен шығыстардың ай бойынша бөлінген жылдық жоспарының жобасын бекіту үшін ұсынады. Жергілікті уәкiлетті орган кірістер мен шығыстардың ай бойынша бөлінген жылдық жоспарының жобасы түскен күнінен бастап отыз күн ішінде оны бекітеді.
      6. Жергілікті уәкiлетті орган ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді,тасымалдаушының залалдарын субсидиялау сомасын анықтайды.
      7. Жергілікті уәкiлетті орган тасымалдаушының ағымдағы шотына тиесілі соманы аудару үшін төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына және көрсетілген бюджеттік бағдарламаға сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлеуге екі данада шот ұсынады.
      8. Тасымалдаушы тасымалдаушының есептеу тарифін қалыптастыру кезінде ескерілетін кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізеді. Тасымалдаушының залалдарын субсидиялауға жіберілетін соманың көлемін айқындау мынадай көрсеткіштер негізінде жүргізіледі:
      1) орындалған жолаушылар тасымалының кірістері;
      2) жолаушылар тасымалын орындауға кететін шығыстары
      9. Жолаушылар тасымалының шығыстарына мыналар кіреді:
      1) жұмыскерлердің еңбекақы қоры;
      2) салықтар және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер;
      3) электрэнергиясына жұмсалатын шығындар;
      4) майлау материалдарына жұмсалатын шығындар;
      5) доңғалақ жұптарын пайдалану шығыстары;
      6) жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалатын шығындар;
      7) негізгі қорлардың амортизациялық аударымдары;
      8) пошта-телеграф шығыстары, телефон станцияларын, диспетчерлік, радио және байланыстың басқа түрлерінің қондырғыларын күтіп ұстау және пайдалану шығыстары;
      9) есептеу техникасын күтіп ұстау және пайдалану шығыстары;
      10) баспахана жұмыстарына шығыстар;
      11) метрополитен ғимараттарын, құрылыстары мен үй-жайларын күтіп ұстау шығыстары, сондай-ақ жерге ақы төлеуге байланысты шығыстар;
      12) аудиторлық қызметтер төлемі;
      13) банк қызметі төлемі;
      14) міндетті сақтандыру бойынша төлемдер;
      15) кадрларды даярлау;
      16) еңбекті қорғау шығыстары;
      17) әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметін ұстау бойынша шығыстар.
      10. Қызмет көрсетудің өзіндік құнына кіргізілетін шығыстар құрамын анықтау Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы "Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы" № 234-III Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
      11. Жылдың соңғы күнтізбелік айына бюджеттік субсидиялар төлеу келесі айдың 20-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде нақты деректер бойынша жасалған есепті кейіннен беру арқылы болжамды деректер бойынша 20 желтоқсаннан кешіктірілмей жасалып, ұсынылған тасымалдау жөніндегі есеп негізінде жүзеге асырылады. Мәлімделген болжамды деректер нақты деректерден асқан жағдайда нақты айырма тиісті бюджетке қайтарылуға жатады.

Об утверждении Правил субсидирования пассажирских перевозок метрополитеном города Алматы

Постановление акимата города Алматы от 31 октября 2014 года № 4/908. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Алматы 02 декабря 2014 года № 1111. Утратило силу постановлением акимата города Алматы от 01 апреля 2016 года № 2/118

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Алматы от 01.04.2016 № 2/118 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии со статьей 9 Закона Республики Казахстан от 21 сентября 1994 года "О транспорте в Республике Казахстан", и с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат города Алматы ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила субсидирования пассажирских перевозок метрополитеном города Алматы.
      2. Управлению пассажирского транспорта города Алматы обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции, и его размещение на интернет-ресурсе.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Алматы Ю. Ильина.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции, вводится в действие со дня его первого официального опубликованияи распространяется на отношения, возникшие с 1 января 2014 года.

Аким города Алматы
А. Есимов
 
Утверждены
постановлением Акимата
города Алматы
от 31 октября 2014 года № 4/908

Правила субсидирования пассажирских перевозок метрополитеном города Алматы
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определяют порядок субсидирования пассажирских перевозок метрополитеном города Алматы (далее-Правила).
      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) метрополитен – вид городского рельсового транспорта, осуществляющего регулярные социально значимые перевозки пассажиров и багажа по путям, изолированным (отделенным, не имеющим одноуровневых пересечений) от линий иных видов транспорта и прохода пешеходов к ним;
      2) маршрут – путь следования транспортного средства между начальным и конечным пунктами;
      3) пассажир – физическое лицо, имеющее проездной документ (билет) и совершающее поездку на метрополитене;
      4) расчетный тариф перевозчика – себестоимость перевозки одного пассажира;
      5) местный уполномоченный орган - государственный орган, уполномоченный на выполнение функций государственного управления в сфере пассажирских перевозок и координации деятельности предприятий пассажирских перевозок, в том числе эксплуатации метрополитена, организации безопасности дорожного движения в целях полного и качественного удовлетворения потребностей города Алматы в услугах общественного транспорта в рамках действующего законодательства.
      Иные понятия, используемые в настоящих Правилах, определены в законодательных актах Республики Казахстан.
      3. Субсидированию подлежат убытки перевозчика, связанные с осуществлением пассажирских перевозок метрополитеном.
      4. Субсидирование пассажирских перевозок метрополитеном производится из местного бюджета.

2. Порядок субсидирования пассажирских перевозок метрополитеном

      5. После заключения договора перевозчик в течение пятнадцати календарных дней представляет местному уполномоченному органу для утверждения проект годового плана доходов и расходов с разбивкой по месяцам, который утверждается местным уполномоченным органом в течение тридцати календарных дней со дня его поступления.
      6. Местный уполномоченный орган проверяет достоверность представленных документов, определяет сумму субсидирования убытка перевозчика.
      7. Для перечисления на текущий счет перевозчика причитающихся бюджетных субсидий местный уполномоченный орган предоставляет в территориальное подразделение казначейства реестр счетов к оплате в двух экземплярах.
      8. Перевозчик ведет раздельный учет доходов и расходов, учитываемых при формировании расчетного тарифа перевозчика. Определение величины сумм, направленных на субсидирование перевозчика, производится на основании следующих показателей:
      1) доходов за выполнение пассажирских перевозок;
      2) расходов на выполнение пассажирских перевозок.
      9. В расходы на пассажирские перевозки входят:
      1) фонд заработной платы работников;
      2) налоги и другие обязательные платежи в бюджет;
      3) затраты на электроэнергию;
      4) затраты на смазочные материалы;
      5) эксплуатационные расходы на колесные пары;
      6) затраты на проведение технического обслуживания и ремонта подвижного состава;
      7) амортизационные начисления основных фондов;
      8) почтово-телеграфные расходы, расходы на содержание и эксплуатацию телефонных станций, установок диспетчерской, радио, видео и других видов связи;
      9) расходы на содержание и эксплуатацию вычислительной техники;
      10) расходы на типографские работы;
      11) расходы на содержание, эксплуатацию зданий, сооружений и помещений метрополитена, а также расходы, связанные с платой за землю;
      12) оплата аудиторских услуг;
      13) оплата услуг банка;
      14) платежи по обязательному страхованию;
      15) подготовка кадров;
      16) расходы на охрану труда;
      17) расходы по содержанию военизированной аварийно-спасательной службы.
      10. Определение состава расходов, включаемых в себестоимость услуги, осуществляется в соответствии Законом Республики Казахстан от 28 февраля 2007 года № 234-III "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности".
      11. Выплата бюджетных субсидий за последний календарный месяц года осуществляется на основе представленного не позднее 20 декабря отчета по перевозкам, составленного по прогнозным данным, с последующим представлением отчета, составленного по фактическим данным в срок не позднее 20 числа следующего месяца. В случае превышения заявленных прогнозных данных над фактическими, разница подлежит возврату в местный бюджет.