Алматы қаласының метрополитенімен және жеңіл рельсті көлігімен жолаушылар тасымалын субсидиялау қағидаларын айқындау туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 2/118 қаулысы. Алматы қаласының Әділет департаментінде 2016 жылғы 3 мамырда № 1283 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қазандағы № 4/423 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 20.10.2017 № 4/423 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Заңының 9 бабына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласының метрополитенімен және жеңіл рельсті көлігімен жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидалары айқындалсын.

      2. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының метрополитенімен жолаушылар тасымалын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 31 қазандағы № 4/908 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1111 болып тіркелген, 2014 жылғы 6 желтоқсанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы осы қаулыныәділет органдарында мемлекеттік тіркеуді және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р. Тауфиковке жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

  Алматы қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 1 сәуірдегі
№ 2/118 қаулысына қосымша

Алматы қаласының метрополитенімен және жеңілрельсті
көлігімен жолаушылар тасымалын субсидиялау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар Алматы қаласының метрополитенімен және жеңіл рельсті көлігімен жолаушылар тасымалын субсидиялау тәртібін айқындайды (бұданәрі - Қағидалар).

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) метрополитен – жолаушыларды және жүкті көліктің басқа түрлерінің желілерінен және олардан жаяу жүргіншілердің өтуін оқшаулайтын (бөлінген, бір деңгейлі қиылысы жоқ) жолдар бойынша ұдайы әлеуметтік мәні бар тасымалдауды жүзеге асыратын, қалалық көлік рельсінің түрі;

      2) жеңіл рельсті көлік – жеке бөлінген жолдар бойынша жолаушыларды және багажды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды жүзеге асыратын және метрополитен мен темір жолға қарағанда габариттерінің, жүк көтергіштігінің және қатынас жылдамдығының аздығымен сипатталатын қалалық рельсті көлік түрі;

      3) бағдар – көлік құралының бастапқы және соңғы пункті арасындағы жүру жолы;

      4) тасымалдаушы – ақыға немесе жалданып жолаушыларды, багажды, жүктердi және пошта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсететiн және осыған белгiленген тәртiппен берiлген тиісті рұқсаты бар, меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде көлiк құралы ниеленушi жеке немесе заңды тұлға;

      5) жолаушы – жол жүру құжаты (билеті) бар және метрополитенмен немесе жеңіл рельсті көлікте жүретін жеке тұлға;

      6) тасымалдаушының есептік тарифі – бір жолаушыны тасымалдаудың өзіндік құны;

      7) жергілікті уәкілетті орган – Алматы қаласының жолаушылар көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органы.

      Өзге ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген.

      3. Субсидиялауға тасымалдаушының метрополитенде және жеңіл рельсті көлікте жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты залалдары жатады.

      4. Метрополитенмен және жеңіл рельсті көлікпен жолаушылар тасымалын субсидиялау жергілікті бюджеттен жүргізіледі.

2. Метрополитенмен және жеңіл рельсті көлікпен жолаушылар
тасымалдауды субсидиялау тәртібі

      5. Жергілікті уәкілетті орган мен жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушы арасындағы шығыстарды субсидиялау үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес метрополитенмен және жеңіл рельсті көлікпен жолаушыларды тасымалдауға шарт жасалады.

      6. Жергілікті уәкiлетті орган ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді,тасымалдаушының залалдарын субсидиялау сомасын анықтайды.

      7. Жергіліктіу әкiлетті орган тасымалдаушының ағымдағы шотына тиесілі соманы аудару үшін төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына және көрсетілген бюджеттік бағдарламаға сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлеуге екі данада шоттар тізімін ұсынады.

      8. Тасымалдаушы тасымалдаушының есептік тарифін қалыптастыру кезінде ескерілетін кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізеді. Тасымалдаушының шығындарын субсидиялауға жіберілетін соманың көлемін айқындау мынадай көрсеткіштер негізінде жүргізіледі:

      1) жолаушылар тасымалын орындауға кірістер;

      2) жолаушылар тасымалын орындауға кететін шығыстар.

      9. Жолаушылар тасымалының шығыстарына мыналар кіреді:

      1) жұмыскерлердің еңбекақы қоры;

      2) салықтар және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер;

      3) электр қуатына жұмсалатын шығындар;

      4) майлау материалдарына жұмсалатын шығындар;

      5) электр жылжымалы құрамның қосалқы бөлшектеріне жұмсалатын пайдалану шығындары;

      6) жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізуге жұмсалатын шығындар;

      7) пошта-телеграф шығыстары, телефон станцияларын, диспетчерлік, радио, бейне және байланыстың басқа түрлерінің қондырғыларын күтіп-ұстау және пайдалану шығыстары;

      8) есептеу техникасын күтіп-ұстау және пайдалану шығыстары;

      9) баспахана жұмыстарына шығыстар;

      10) метрополитен және жеңіл рельсті көлік ғимараттарын, құрылыстары мен үй-жайларын күтіп-ұстау шығыстары, сондай-ақ жерге ақы төлеуге байланысты шығыстар;

      11) аудиторлық қызметтер төлемі;

      12) банк қызметі төлемі;

      13) әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметін ұстау бойынша шығыстар;

      14) міндетті сақтандыру бойынша төлемдер;

      15) кадрларды даярлау;

      16) еңбекті қорғау шығыстары;

      17) негізгі қорлардың амортизациялық аударымдары.

      10. Жылдың соңғы күнтізбелік айына бюджеттік субсидиялар төлеу 20 желтоқсаннан кешіктірілмей нақты деректер бойынша жасалған есепті кейіннен беру арқылы болжамды деректер бойынша келесі айдың 20 дейін кешіктірілмей жасалып, ұсынылған тасымалдау жөніндегі есеп негізінде жүзеге асырылады. Мәлімделген болжамды деректер нақты деректерден асқан жағдайда айырмасы тиісті бюджетке қайтарылу тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады