Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 27.08.2018 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 2017.05.24 № 2 шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Петропавл қаласында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифі тоннасына 686 теңге көлемінде бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 2017.05.24 № 2 шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Петропавл | |
қалалық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Л. Жалмұқанова |
Петропавл | |
қалалық мәслихат | |
хатшысы | Л. Жалмұқанова |