Петропавл қаласында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық 2014 жылғы 18 шілдедегі N 3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 тамызда N 2907 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 27.08.2018 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 2017.05.24 № 2 шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Петропавл қаласында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифі тоннасына 686 теңге көлемінде бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 2017.05.24 № 2 шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Петропавл
      қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы Л. Жалмұқанова
      Петропавл
      қалалық мәслихат
      хатшысы Л. Жалмұқанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады