Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 22.09.2023 № 8-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы маслихатының 11.03.2022 № 9-15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Қиялы ауылдық округінде жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің қағидасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы маслихатының 11.03.2022 № 9-15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Қиялы ауылдық округінде жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы маслихатының 11.03.2022 № 9-15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
V шақырылған ХХ сессия | Аққайың ауданы мәслихатының |
төрайымы | хатшысы |
И. Гонтарь | Қ. Құрманбаев |
"КЕЛІСІЛДІ": | |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Аққайың ауданының | |
Қиялы ауылдық округінің әкімі | Стригун Н.Н. |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Аққайың ауданы мәслихатының | |
2014 жылғы 30 қаңтардағы № 20-9 | |
шешімімен бекітілген |
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Қиялы ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасы
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы маслихатының 11.03.2022 № 9-15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Қиялы ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің осы қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Қиялы ауылдық округі ауыл тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Қиялы ауылдық округі аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – Қиялы ауылдық округінің ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Қиялы ауылдық округінің аумағы учаскелерге (ауылдарға) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Қиялы ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Қиялы ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
7. Ауыл шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Қиялы ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Қиялы ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Қиялы ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Қиялы ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Аққайың ауданы мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Қиялы ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Аққайың ауданы мәслихатының | |
2014 жылғы 30 қаңтардағы | |
№ 20-9 шешіміне | |
қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Қиялы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы маслихатының 11.03.2022 № 9-15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Елді мекеннің атауы | Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Қиялы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Қиялы ауылдық округінің Барыкуль ауылының тұрғындарына | 3 |
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Қиялы ауылдық округінің Кучковка ауылының тұрғындарына | 3 |
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Қиялы ауылдық округінің Қиялы ауылының тұрғындарына | 3 |