Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 365 "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернатқа ұйымдардың кәмелетке толмаған мектеп бітірушілері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1901 тіркелген, аудандық "Айыртау таңы" және "Айыртауские зори" газеттерінде 2012 жылғы 25 қазанда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"1. Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін, сондай-ақ бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған мектеп бітірушілері үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір жарым пайыз көлемінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімі |
А. Тастеміров |