Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-бабына сәйкес Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Айыртау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы «Айыртау ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2014 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» № 5-21-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2506 тіркелген, 2014 жылғы 30 қаңтарда «Айыртау таңы», «Айыртауские зори» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Айыртау ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2014 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2014 жылға аудан әкімі мәлімдеген қажеттілікті ескере отырып, Айыртау ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға:
1) өтініш түскен кезеңнен жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй алу немесе салу үшін өтініш түскен кезеңнен бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын маманның өтінген сомасында бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.».
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық мәслихатының Айыртау аудандық мәслихатының
кезекті XХIV сессиясының төрағасы хатшысы
С. Есенғалиев Р. Тілеубаева