Айыртау ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2014 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы N 5-21-3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 қаңтарда N 2506 болып тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының 2015 жылғы 30 сәуірдегі N 3.2.3-2/61 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының 30.04.2015 N 3.2.3-2/61 хаты).
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 11.04.2014 N 5-24-1 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабы 8-тармағына сәйкес, Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. 2014 жылға аудан әкімі мәлімдеген қажеттілікті ескере отырып, Айыртау ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға:
      1) өтініш түскен кезеңнен жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй алу немесе салу үшін өтініш түскен кезеңнен бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын маманның өтінген сомасында бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 11.04.2014 N 5-24-1 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы шешімнің 1-тармағы 1), 2) тармақшаларының күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.
      3. Осы шешім алғаш рет бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық
мәслихатының кезекті
ХХІ сессиясының төрайымы
М. Олжабаева
      Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық
мәслихатының хатшысы
Р. Тілеубаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады