"Айыртау ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары туралы" Айыртау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 қаңтардағы № 5-22-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 5-34-4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 қаңтарда N 3081 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының 2017 жылғы 05 мамырдағы № 6-10-9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының 05.05.2017 № 6-10-9 шешімімен (бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Айыртау ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары туралы" Айыртау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 қаңтардағы № 5-22-1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2570 тіркелген, 2014 жылғы 6 наурызда "Айыртау таңы" газетінде, 2014 жылғы 6 наурызда "Айыртауские зори" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Айыртау ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында (бұдан әрі- Қағидалар):

      көрсетілген Қағидалардың 2-тармағы 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, айына бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;";

      көрсетілген Қағидалардың 5-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ көмек алушылар санаттарының әлеуметтік көмек еселігі мен мөлшері осы Қағидалардың 1 қосымшасына сәйкес белгіленеді.

      Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек, осы Қағидалардың 1 қосымшасында көрсетілген санаттарының бірімен көрсетіледі.";

      көрсетілген Қағидалардың 6-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "6. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда аталған оқиға болған күнінен бастап алты айдан кешіктірмей өтініш білдірсе зардап шеккен азаматқа (отбасына) 25 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.

      Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) облыстағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша 1,5 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;

      4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалардың тісті протездеуге табысты есепке алмағанда, тіс протездеуге лицензиясы бар медициналық ұйымдармен жүзеге асырылатын, тіс протездеудің құны көлемінде ұсынылатын шот-фактураға сәйкес (қымбат металдардан, металлокерамика, металлоакрилл протездерінен басқа) жылына бір рет мұқтаждығы;

      5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және оларға теңестірілген тұлғалардың санаторлық-курорттық емделуге табысты есепке алмағанда жолдама құнының мөлшерінде жылына бір рет мұқтаждығы;

      6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің коммуналдық қызмет шығындарын өтеуге және отын сатып алу үшін 24 (жиырма төрт) айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде табысты есепке алмағанда жылына бір рет мұқтаждығы;

      7) туберкулездің белсенді түрімен ауыратын адамдардың денсаулық сақтау мекемесінен анықтама көрсетуі бойынша 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде табысты есепке алмағанда жылына бір рет мұқтаждығы.

      Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.";

      көрсетілген Қағидалардың 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Айыртау аудандық
      мәслихатының XXXIV кезекті
      сессиясының төрайымы Н. Еременко
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Айыртау аудандық
      мәслихатының хатшысы Р.Тілеубаева
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
Е.Сұлтанов
      2014 жылғы 24 желтоқсан

  Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 5-34-4 шешіміне қосымша
  Айыртау ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 1-қосымша

Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ алушылардың санаттары шегінде әлеуметтік көмектің еселігі және мөлшері

Реттік нөмірі 

Алушылар санаты 

Әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі және мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) 


Ауған аумағынан әскерді шығару күні - 15 ақпан 


1

Бұрынғы КСР Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы КСР Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер; ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған жұмысшылар мен қызметшілер.
 

Жылына 1 рет, 15

2

Бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа да уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер.
 

Жылына 1 рет, 15

3

Басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргізу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілер.
 

Жылына 1 рет, 15

4

Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы.
 

Жылына 1 рет, 15

5

1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және ұрыс қиымлдары жүріп жатқан басқада мемлекеттерге жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметшілер. 

Жылына 1 рет, 15

6

Бұрынғы КСР Одағы Мемлекет қауіпсіздігі комитетінің Ауғанстанда уақытша болған және совет әскерлдерінің шектелген құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшілері. 

Жылына 1 рет, 15


Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз


1

"Алтын алқамен", "Күміс алқамен", I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталаған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған көп балалы аналар.

Жылына 1 рет, 5


Чернобыль атом электро стансасындағы апатты еске алу күні - 26 сәуір


1

1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радияциялық аппатар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар.

Жылына 1 рет, 15 

2
 

Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бірінің радияциялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары.

Жылына 1 рет, 15

3
 

Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациалық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасы.

Жылына 1 рет, 15
 
 

4
 

Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлімі белгіленген тәртіппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердің, сондай-ақ азаматтардың отбасы.

Жылына 1 рет, 15
 
 

5
 

1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда.

Жылына 1 рет, 15
 


Жеңіс күні - 9 мамыр


1
 

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері.

Жылына 1 рет, 50 (2015 жылдың 9 мамырын қоспағанда)
 

2
 

Қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген қалаларда Ұлы Отан соғысы кезінде атқарған әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары.

Жылына 1 рет, 5
 
 

3
 

Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген қалаларда болған адамдар.

Жылына 1 рет, 5
 
 

4
 

Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрмында полк баласы (тәрбиеленуші) және теңізші бала ретінде болғандар.

Жылына 1 рет, 5
 
 

5
 

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шетелдердің аумағында фашистік Германия мен оның одтақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистік құрамалар құрамында қатысқан адамдар.

Жылына 1 рет, 5
 
 

6
 

Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссриаты арнайы құрамаларының, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсібі халық комиссариатының, Теңіз және өзен флотының, Солтүстік теңіз және жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезінде әскери қызметшілер жағдайына көшірілген және ұрыс майдандарының тылдағы шептері, флоттардың опертивтік аймақтары шегінде майдандағы армия мен флот мүдделеріне орай міндеттер атқарған қызметкерлері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезінде басқа мемлекеттердің порттарында тұтқындалған көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелері.

Жылына 1 рет, 5
 
 

7
 

Қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтар.

Жылына 1 рет, 5
 
 

8
 

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары.

Жылына 1 рет, 5
 
 

9
 

Әскери міндетін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде әскери міндетін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар.

Жылына 1 рет, 5
 
 

10
 

1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде Украин ССР-і, Беларусь ССР-і, Литва ССР-і, Латыш ССР-і, Эстон ССР-і аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдік батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет міндетін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар.

Жылына 1 рет, 5
 
 

11
 

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергілікті әуе қорғанысының объектілерді өзін-өзі қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдері мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердің отбасы.

Жылына 1 рет, 5
 
 

12
 

Қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептетрге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері).

Жылына 1 рет, 5
 
 

13
 

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қаржылы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар.

Жылына 1 рет, 5 (2015 жылдың 9 мамырын қоспағанда)
 


2015 жыл 9 мамыр – Жеңіс күні
 


1
 

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері

Жылына 1 рет, 100
 

2
 

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар.

Жылына 1 рет, 25
 


Отанды қорғау күні - 7 мамыр


1
 

Бұрынғы КСР Одағының Қорғаныс министрлігіне, ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарына әскери міндетін өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көріністерге байланысты төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасы.

Жылына 1 рет, 5
 

2
 

Бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасы.

Жылына 1 рет, 5
 


Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр


1
 

Бұрынғы КСР Одағы аумағында саяси қуғын-сүргіннен тікелей зардап шеккен және қазіргі кезде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдар.

Жылына 1 рет, 15
 
 

2
 

Қазақстан Республикасының қазіргі аумағында өздеріне қуғын-сүргіндер қолданылғанға дейін тұрақты өмір сүрген адамдар мына төмендегі жағдайларда танылады:
а) бұрынғы КСР Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргіндерді кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы;
б) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде (жай адамдар мен әскери қызметшілерді) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы;
в) Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшін шақырылғаннан кейін қуғын-сүргіндердің қолдануы;
г) қуғын-сүргіндерді орталық одақтақ органдар: КСРО Жоғарғы Соты мен оның сот алқаларының, СКРО Айрықша бас саяси Басқарма алқасының, КСРО Ішкі істер министрлігі жанындағы айрықша кеңестің , КСРО Прокуратурасы мен КСРО ішкі істер халық комиссариатының Тергеу Істері жөніндегі комиссиясының және басқа органдар шешімдері бойынша қолданауы;
д) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандык жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында танылады.

Жылына 1 рет, 15
 

3
 

КСР Одағы мемлекеттік өкіметтің жоғары органдарының құжатары негізінде Қазақстанға және Қазақстааннан күштеу арқалы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдар да танылады

Жылына 1 рет, 15
 

4
 

Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бірге бас бостандыңынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргін кезінде он сегіз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балалары танылады. 

Жылына 1 рет, 3
 


Қазақстан Республикасының Конституциясы күні – 30 тамыз


1

Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлер, облыстың, қаланың (ауданның) құрметті азаматтары. 

Жылына 1 рет, 10


О внесении изменений в решение Айыртауского районного маслихата от 29 января 2014 года № 5-22-1 "О Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Айыртауского района"

Решение маслихата Айыртауского района Северо-Казахстанской области от 24 декабря 2014 года № 5-34-4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 27 января 2015 года № 3081. Утратило силу решением маслихата Айыртауского района Северо-Казахстанской области от 05 мая 2017 года № 6-10-9

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Айыртауского района Северо-Казахстанской области от 05.05.2017 № 6-10-9 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 21 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах" Айыртауский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Айыртауского районного маслихата от 29 января 2014 года № 5-22-1 "О Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Айыртауского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 2570, опубликовано 6 марта 2014 года в газете "Айыртау таңы", 6 марта 2014 года в газете "Айыртауские зори") следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Айыртауского района, утвержденных указанным решением (далее - Правила):

       подпункт 3) пункта 2 указанных Правил изложить в новой редакции:

      "3) прожиточный минимум - необходимый минимальный денежный доход на одного человека в месяц, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины, рассчитываемой органами статистики в области;";

       пункт 5 указанных Правил изложить в следующей редакции:

      "5. Перечень памятных дат и праздничных дней для оказания социальной помощи, а также кратность и размер социальной помощи в разрезе категорий получателей устанавливается согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      Социальная помощь к праздничным дням и памятным датам оказывается по одной из категорий, указанных в приложении 1 к настоящим Правилам.";

       пункт 6 указанных Правил изложить в следующей редакции:

      "6. Социальная помощь при наступлении трудной жизненной ситуации вследствие стихийного бедствия или пожара оказывается при обращении не позднее шести месяцев со дня наступления указанных событий гражданину (семье), пострадавшему вследствие стихийного бедствия или пожара, в размере не более 25 месячных расчетных показателей.

      Окончательный перечень оснований для отнесения граждан к категории нуждающихся, при наступлении трудной жизненной ситуации:

      1) основания, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;

      2) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара либо наличие социально значимого заболевания;

      3) наличие среднедушевого дохода, не превышающего 1,5 прожиточного минимума, рассчитываемого органами статистики в области;

      4) нуждаемость участников и инвалидов Великой Отечественной войны, а также лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, в зубопротезировании, которое осуществляется медицинской организацией, имеющей лицензию на зубопротезирование, один раз в год без учета дохода согласно предоставленных счетов-фактур в размере стоимости зубопротезирования (кроме драгоценных металлов и протезов из металлокерамики, металлоакрилла);

      5) нуждаемость участников и инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним в санаторно-курортном лечении один раз в год без учета дохода в размере стоимости путевки;

      6) нуждаемость участников и инвалидов Великой Отечественной войны в оплате расходов на коммунальные услуги и приобретении топлива в размере 24 (двадцати четырех) месячных расчетных показателей один раз в год без учета дохода ;

      7) нуждаемость лиц, больных активной формой туберкулеза, один раз в год без учета дохода в размере 20 месячных расчетных показателей по предъявлению справки из учреждения здравоохранения.

      Специальная комиссия при вынесении заключения о необходимости оказания социальной помощи руководствуется перечнем оснований для отнесения граждан к категории нуждающихся.";

       приложение 1 к указанным Правилам изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель
      XXXIV очередной сессии
      Айыртауского районного
маслихата
      Северо-Казахстанской области Н.Еременко
      Секретарь Айыртуаского
      районного маслихата
      Северо-Казахстанской области Р.Тлеубаева
      "СОГЛАСОВАНО"
      Аким
      Северо-Казахстанской области Е.Султанов
      24 декабря 2014 года

  Приложение к решению Айыртауского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 24 декабря 2014 года № 5-34-4
  Приложение 1 к Правилам оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Айыртауского района

Перечень памятных дат и праздничных дней для оказания социальной помощи, а также кратность и размер социальной помощи в разрезе категорий получателей

№ п/п
 

Категории получателей
 

Кратность и размер социальной помощи
(Месячный расчетный показатель)
 

День вывода войск с территории Афганистана - 15 февраля
 

1
 

Военнослужащие Советской Армии, Военно-Морского флота, Комитета государственной безопасности, лица рядового и начальствующего состава Министерства внутренних дел бывшего Союза ССР (включая военных специалистов и советников), которые в соответствии с решениями правительственных органов бывшего Союза ССР принимали участие в боевых действиях на территории других государств; военнообязанные, призывавшиеся на учебные сборы и направлявшиеся в Афганистан в период ведения боевых действий; военнослужащие автомобильных батальонов, направлявшиеся в Афганистан для доставки грузов в эту страну в период ведения боевых действий; военнослужащие летного состава, совершавшие вылеты на боевые задания в Афганистан с территории бывшего Союза ССР; рабочие и служащие, обслуживающие советский воинский контингент в Афганистане, получившие ранения, контузии или увечья, либо награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за участие в обеспечении боевых действий.
 

1 раз в год,
15
 

2
 

Военнослужащие, ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья, полученные при защите бывшего Союза ССР, при исполнении иных обязанностей воинской службы в другие периоды или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, а также при прохождении военной службы в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия.
 

1 раз в год, 15
 

3
 

Рабочие и служащие соответствующих категорий, обслуживавшие действующие воинские контингенты других стран и ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья либо заболевания, полученных в период ведения боевых действий.
 

1 раз в год, 15
 

4
 

Семьи военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или в других государствах, в которых велись боевые действия.
 

1 раз в год, 15
 

5
 

Рабочие и служащие, направлявшиеся на работу в Афганистан в период с 1 декабря 1979 года по декабрь 1989 года и в другие страны, в которых велись боевые действия.
 

1 раз в год, 15
 

6
 

Рабочие и служащие Комитета государственной безопасности бывшего Союза ССР, временно находившиеся на территории Афганистана и не входившие в состав ограниченного контингента советских войск.
 

1 раз в год, 15
 

Международный женский день - 8 марта
 

1
 

Многодетные матери, награжденные подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа", орденами "Материнская Слава" I и II степени или ранее получившие звание "Мать-героиня".
 

1 раз в год, 5
 

День памяти аварии на Чернобыльской атомной электростанции - 26 апреля
 

1
 

Лица, принимавшие участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшие непосредственно в ядерных испытаниях и учениях.
 

1 раз в год, 15
 

2
 

Лица, ставшие инвалидами вследствие катастрофы на Чернобыльской АЭС и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, испытания ядерного оружия, и их дети, инвалидность которых генетически связана с радиационным облучением одного из родителей.
 

1 раз в год, 15
 

3
 

Семьи лиц, погибших при ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения.
 

1 раз в год, 15
 

4
 

Семьи умерших вследствие лучевой болезни или умерших инвалидов, а также граждан, смерть которых в установленном порядке связана с воздействием катастрофы на Чернобыльской АЭС и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения и ядерных испытаний.
 

1 раз в год, 15
 

5
 

Лица из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1988-1989 годах, эвакуированных (самостоятельно выехавших) из зон отчуждения и отселения в Республику Казахстан, включая детей, которые на день эвакуации находились во внутриутробном состоянии.
 

1 раз в год, 15
 

День Победы - 9 мая
 

1
 

Участники и инвалиды Великой Отечественной войны.
 

1 раз в год, 50 (за исключением 9 мая 2015 года)
 

2
 

Военнослужащие, а также лица начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, проходившие в период Великой Отечественной войны службу в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 г. в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии.
 

1 раз в год, 5
 

3
 

Лица вольнонаемного состава Советской Армии, Военно-Морского Флота, войск и органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, занимавшие штатные должности в воинских частях, штабах, учреждениях, входивших в состав действующей армии в период Великой Отечественной войны, либо находившихся в соответствующие периоды в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 г. в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии.
 

1 раз в год, 5
 

4
 

Лица, которые в период Великой Отечественной войны находились в составе частей, штабов и учреждений, входивших в состав действующей армии и флота в качестве сыновей (воспитанников) полков и юнг.
 

1 раз в год, 5
 

5
 

Лица, принимавшие участие в боевых действиях против фашистской Германии и ее союзников в годы второй мировой войны на территории зарубежных стран в составе партизанских отрядов, подпольных групп и других антифашистских формирований.
 

1 раз в год, 5
 

6
 

Работники спецформирований Народного комиссариата путей сообщения, Народного комиссариата связи, плавающего состава промысловых и транспортных судов и летно-подъемного состава авиации, Народного комиссариата рыбной промышленности бывшего Союза ССР, Морского и речного флота, летно- подъемного состава Главсевморпути, переведенные в период Великой Отечественной войны на положение военнослужащих и выполнявшие задачи в интересах действующей армии и флота в пределах тыловых границ действующих фронтов, оперативных зон флотов, а также члены экипажей судов транспортного флота, интернированных в начале Великой Отечественной войны в портах других государств.
 

1 раз в год, 5
 

7
 

Граждане, работавшие в период блокады в городе Ленинграде на предприятиях, в учреждениях и организациях города и награжденные медалью "За оборону Ленинграда" и знаком "Житель блокадного Ленинграда";
 

1 раз в год, 5
 

8
 

Бывшие несовершеннолетние узники концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны;
 

1 раз в год, 5
 

9
 

Лица начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при исполнении служебных обязанностей, либо вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте или выполнением служебных обязанностей в государствах, где велись боевые действия.
 

1 раз в год, 5
 

10
 

Лица из числа бойцов и командного состава истребительных батальонов, взводов и отрядов защиты народа, действовавших в период с 1 января 1944 года по 31 декабря 1951 года на территории Украинской ССР, Белорусской ССР, Литовской ССР, Латвийской ССР, Эстонской ССР, ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии или увечья, полученных при исполнении служебных обязанностей в этих батальонах, взводах, отрядах.
 

1 раз в год, 5
 

11
 

Семьи погибших в Великую Отечественную войну лиц из числа личного состава групп самозащиты объектовых и аварийных команд местной противовоздушной обороны, семьи погибших работников госпиталей и больниц города Ленинграда.
 

1 раз в год, 5
 

12
 

Жены (мужья) умерших инвалидов войны и приравненных к ним инвалидов, а также жены (мужья) умерших участников войны, партизан, подпольщиков, граждан, награжденных медалью "За оборону Ленинграда" и знаком "Житель блокадного Ленинграда", признававшихся инвалидами в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в другой брак.
 

1 раз в год, 5
 
 

13
 

Лица, награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны.
 

1 раз в год, 5
( за исключением 9 мая 2015 года)
 

День Победы- 9 мая 2015 года
 

1
 

Участники и инвалиды Великой Отечественной войны.
 

1 раз в год, 100
 

2
 

Лица, награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны.
 

1 раз в год, 25
 

День защитника Отечества - 7 мая
 

1
 

Семьи военнослужащих, лиц начальствующего и рядового состава, призванных на сборы военнообязанных Министерства обороны, органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, погибших (умерших) во время выполнения задач по охране общественного порядка при чрезвычайных обстоятельствах, связанных с антиобщественными проявлениями.
 

1 раз в год, 5
 

2
 

Семьи военнослужащих, погибших (умерших) при прохождении воинской службы в мирное время
 

1 раз в год, 5
 

День памяти жертв политических репрессий - 31 мая
 

1
 

Лица, непосредственно подвергавшиеся политическим репрессиям на территории бывшего Союза ССР и в настоящее время являющиеся гражданами Республики Казахстан.
 

1 раз в год, 15
 

2
 

Лица, постоянно проживавшие до применения к ним репрессий на территории, ныне составляющей территорию Республики Казахстан, в случаях:
а) применения репрессий советскими судами и другими органами за пределами бывшего Союза ССР;
б) осуждения военными трибуналами действующей армии во время второй мировой войны (гражданских лиц и военнослужащих);
в) применения репрессий после призыва для прохождения воинской службы за пределы Казахстана;
г) применения репрессий по решениям центральных союзных органов: Верховного Суда СССР и его судебных коллегий, коллегии ОГПУ СССР, особого совещания при НКВД-МГБ-МВД СССР, Комиссии Прокуратуры СССР и НКВД СССР по следственным делам и других органов;
д) применения репрессий за участие в событиях 17-18 декабря 1986 года в Казахстане, за исключением лиц, осужденных за совершение умышленных убийств и посягательство на жизнь работника милиции, народного дружинника в этих событиях, в отношении которых сохраняется действующий порядок пересмотра уголовных дел.
 

1 раз в год, 15
 

3
 

Лица, подвергшиеся насильственному противоправному переселению в Казахстан и из Казахстана на основании актов высших органов государственной власти Союза ССР
 

1 раз в год, 15
 

4
 

Дети жертв политических репрессий, находившиеся вместе с родителями или заменявшими их лицами в местах лишения свободы, в ссылке, высылке или на спецпоселении, а также дети жертв политических репрессий, не достигшие восемнадцатилетнего возраста на момент репрессии и в результате ее применения оставшиеся без родительского попечения
 

1 раз в год, 3
 

День Конституции Республики Казахстан - 30 августа
 

1
 

Лица, которым назначены пенсии за особые заслуги перед Республикой Казахстан, пенсионеры, имеющие статус персонального пенсионера областного значения, почетные граждане области, города (района)
 

1 раз в год, 10