Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының 05.05.2017 № 6-10-9 шешімімен (бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Айыртау ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары туралы" Айыртау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 қаңтардағы № 5-22-1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2570 тіркелген, 2014 жылғы 6 наурызда "Айыртау таңы" газетінде, 2014 жылғы 6 наурызда "Айыртауские зори" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Айыртау ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында (бұдан әрі- Қағидалар):
көрсетілген Қағидалардың 2-тармағы 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"3) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, айына бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;";
көрсетілген Қағидалардың 5-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ көмек алушылар санаттарының әлеуметтік көмек еселігі мен мөлшері осы Қағидалардың 1 қосымшасына сәйкес белгіленеді.
Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек, осы Қағидалардың 1 қосымшасында көрсетілген санаттарының бірімен көрсетіледі.";
көрсетілген Қағидалардың 6-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"6. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда аталған оқиға болған күнінен бастап алты айдан кешіктірмей өтініш білдірсе зардап шеккен азаматқа (отбасына) 25 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) облыстағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша 1,5 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалардың тісті протездеуге табысты есепке алмағанда, тіс протездеуге лицензиясы бар медициналық ұйымдармен жүзеге асырылатын, тіс протездеудің құны көлемінде ұсынылатын шот-фактураға сәйкес (қымбат металдардан, металлокерамика, металлоакрилл протездерінен басқа) жылына бір рет мұқтаждығы;
5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және оларға теңестірілген тұлғалардың санаторлық-курорттық емделуге табысты есепке алмағанда жолдама құнының мөлшерінде жылына бір рет мұқтаждығы;
6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің коммуналдық қызмет шығындарын өтеуге және отын сатып алу үшін 24 (жиырма төрт) айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде табысты есепке алмағанда жылына бір рет мұқтаждығы;
7) туберкулездің белсенді түрімен ауыратын адамдардың денсаулық сақтау мекемесінен анықтама көрсетуі бойынша 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде табысты есепке алмағанда жылына бір рет мұқтаждығы.
Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.";
көрсетілген Қағидалардың 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ алушылардың санаттары шегінде әлеуметтік көмектің еселігі және мөлшері
Реттік нөмірі | Алушылар санаты | Әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі және мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
Ауған аумағынан әскерді шығару күні - 15 ақпан | ||
1 |
Бұрынғы КСР Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы КСР Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер; ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған жұмысшылар мен қызметшілер. | Жылына 1 рет, 15 |
2 |
Бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа да уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер. | Жылына 1 рет, 15 |
3 |
Басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргізу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілер. | Жылына 1 рет, 15 |
4 |
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы. | Жылына 1 рет, 15 |
5 | 1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және ұрыс қиымлдары жүріп жатқан басқада мемлекеттерге жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметшілер. | Жылына 1 рет, 15 |
6 | Бұрынғы КСР Одағы Мемлекет қауіпсіздігі комитетінің Ауғанстанда уақытша болған және совет әскерлдерінің шектелген құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшілері. | Жылына 1 рет, 15 |
Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз | ||
1 | "Алтын алқамен", "Күміс алқамен", I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталаған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған көп балалы аналар. | Жылына 1 рет, 5 |
Чернобыль атом электро стансасындағы апатты еске алу күні - 26 сәуір | ||
1 | 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радияциялық аппатар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар. | Жылына 1 рет, 15 |
2 | Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бірінің радияциялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары. | Жылына 1 рет, 15 |
3 | Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациалық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасы. |
Жылына 1 рет, 15 |
4 | Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлімі белгіленген тәртіппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердің, сондай-ақ азаматтардың отбасы. |
Жылына 1 рет, 15 |
5 | 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда. |
Жылына 1 рет, 15 |
Жеңіс күні - 9 мамыр | ||
1 | Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері. |
Жылына 1 рет, 50 (2015 жылдың 9 мамырын қоспағанда) |
2 | Қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген қалаларда Ұлы Отан соғысы кезінде атқарған әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары. |
Жылына 1 рет, 5 |
3 | Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген қалаларда болған адамдар. |
Жылына 1 рет, 5 |
4 | Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрмында полк баласы (тәрбиеленуші) және теңізші бала ретінде болғандар. |
Жылына 1 рет, 5 |
5 | Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шетелдердің аумағында фашистік Германия мен оның одтақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистік құрамалар құрамында қатысқан адамдар. |
Жылына 1 рет, 5 |
6 | Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссриаты арнайы құрамаларының, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсібі халық комиссариатының, Теңіз және өзен флотының, Солтүстік теңіз және жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезінде әскери қызметшілер жағдайына көшірілген және ұрыс майдандарының тылдағы шептері, флоттардың опертивтік аймақтары шегінде майдандағы армия мен флот мүдделеріне орай міндеттер атқарған қызметкерлері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезінде басқа мемлекеттердің порттарында тұтқындалған көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелері. |
Жылына 1 рет, 5 |
7 | Қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтар. |
Жылына 1 рет, 5 |
8 | Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары. |
Жылына 1 рет, 5 |
9 | Әскери міндетін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде әскери міндетін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар. |
Жылына 1 рет, 5 |
10 | 1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде Украин ССР-і, Беларусь ССР-і, Литва ССР-і, Латыш ССР-і, Эстон ССР-і аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдік батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет міндетін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар. |
Жылына 1 рет, 5 |
11 | Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергілікті әуе қорғанысының объектілерді өзін-өзі қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдері мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердің отбасы. |
Жылына 1 рет, 5 |
12 | Қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептетрге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері). |
Жылына 1 рет, 5 |
13 | Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қаржылы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар. |
Жылына 1 рет, 5 (2015 жылдың 9 мамырын қоспағанда) |
2015 жыл 9 мамыр – Жеңіс күні | ||
1 | Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері |
Жылына 1 рет, 100 |
2 | Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар. |
Жылына 1 рет, 25 |
Отанды қорғау күні - 7 мамыр | ||
1 | Бұрынғы КСР Одағының Қорғаныс министрлігіне, ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарына әскери міндетін өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көріністерге байланысты төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасы. |
Жылына 1 рет, 5 |
2 | Бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасы. |
Жылына 1 рет, 5 |
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр | ||
1 | Бұрынғы КСР Одағы аумағында саяси қуғын-сүргіннен тікелей зардап шеккен және қазіргі кезде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдар. |
Жылына 1 рет, 15 |
2 |
Қазақстан Республикасының қазіргі аумағында өздеріне қуғын-сүргіндер қолданылғанға дейін тұрақты өмір сүрген адамдар мына төмендегі жағдайларда танылады: |
Жылына 1 рет, 15 |
3 | КСР Одағы мемлекеттік өкіметтің жоғары органдарының құжатары негізінде Қазақстанға және Қазақстааннан күштеу арқалы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдар да танылады |
Жылына 1 рет, 15 |
4 | Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бірге бас бостандыңынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргін кезінде он сегіз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балалары танылады. |
Жылына 1 рет, 3 |
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні – 30 тамыз | ||
1 | Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлер, облыстың, қаланың (ауданның) құрметті азаматтары. | Жылына 1 рет, 10 |