Ескерту. Күші жойылды Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 04.09.2023 № 7-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 30.12.2021 № 14-25 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3 бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Үкіметінің қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Новоишим ауылдық округі Новоишим ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Новоишим ауылдық округі Новоишим ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын көше және көп пәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының ХХІІІ сессиясының төрағасы |
Н. Габдулов |
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының хатшысы |
Б. Ысқақова |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Ғабит Мүсірепов атындағы | |
ауданы мәслихатының | |
2014 жылғы 31 наурыздағы | |
№ 23-13 шешімімен | |
бекітілді |
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі Новоишим ауылында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 30.12.2021 № 14-25 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Новоишим ауылдық округі Новоишим ауылының шағын аудандары мен көшелері тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылының аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – шағын аудандар мен көшелер тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2 тарау. Жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастық бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (шағын аудандар мен көшелер) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округінің әкімі жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына шақырады және ұйымдастырады.
6. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Новоишим ауылдық округінің әкімі бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер немесе мемлекеттік мекеменің веб-сайты арқылы өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.
7. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Новоишим ауылдық округінің әкімі шағын аудан мен көше шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді ұйымдастырады.
Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті шағын аудан мен көшенің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Новоишим ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудан және көше тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
11.Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы екі жұмыс күні ішінде қол қояды және қол қойылғаннан бастап бір жұмыс күні ішінде Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 23-13 шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Новоишим ауылдық округі Новоишим ауылының шағын аудандары мен көшелері тұрғындары өкілдерінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін сандық құрамы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мəслихатының 09.07.2018 № 27-1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі; 08.06.2020 № 62-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен; 30.12.2021 № 14-25 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 30.12.2021 № 14-25 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 02.08.2022 № 20-12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
№ р/с | Шағын аудандар мен көшелердің атауы | Новоишим ауылының шағын аудандары мен көшелері тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
1 | Новоишим ауылының Советская көшесінің тұрғындарына | 3 |
2 | Новоишим ауылының Мағжан Жұмабаев шағын ауданы тұрғындарына | 3 |
3 | Новоишим ауылының Больничная көшесінің тұрғындарына | 3 |
4 | Новоишим ауылының Степная көшесінің тұрғындарына | 3 |
5 | Новоишим ауылының Мир көшесінің тұрғындарына | 3 |
6 | Новоишим ауылының Строительная көшесінің тұрғындарына | 3 |
7 | Новоишим ауылының Прудовая көшесінің тұрғындарына | 2 |
8 | Новоишим ауылының Уәлиханов көшесінің тұрғындарына | 3 |
9 | Новоишим ауылының Солнечный шағын ауданы тұрғындарына | 3 |
10 |
Новоишим ауылының Терешкова көшесінің | 3 |
11 | Новоишим ауылының Абай Құнанбаев көшесінің тұрғындарына | 3 |
12 | Новоишим ауылының Интернациональная көшесінің тұрғындарына | 3 |
13 | Новоишим ауылының Әуелбеков көшесінің тұрғындарына | 3 |
14 | Новоишим ауылының Зерновая көшесінің тұрғындарына | 3 |
15 | Новоишим ауылының Луначарский көшесінің тұрғындарына | 3 |
16 | Новоишим ауылының Ишимская көшесінің тұрғындарына | 3 |
17 | Новоишим ауылының Балбану Мұстафина көшесінің тұрғындарына | 3 |
18 | Новоишим ауылының Набережная көшесінің тұрғындарына | 3 |
19 | Новоишим ауылының Жаңауыл көшесінің тұрғындарына | 3 |
20 | Новоишим ауылының Комсомольская көшесінің тұрғындарына | 3 |
21 | Новоишим ауылының Абылай хан көшесінің тұрғындарына | 3 |
22 | Новоишим ауылының Тәуелсіздік көшесінің тұрғындарына | 3 |
23 | Новоишим ауылының Ғ.Мүсірепов көшесінің тұрғындарына | 3 |
24 | Новоишим ауылының Школьная көшесінің тұрғындарына | 3 |
25 | Новоишим ауылының Ленин көшесінің тұрғындарына | 3 |
26 | Новоишим ауылының Ақан Сері көшесінің тұрғындарына | 3 |
27 | Новоишим ауылының Сейфуллин көшесінің тұрғындарына | 3 |
28 | Новоишим ауылының Гаражная көшесінің тұрғындарына | 3 |
29 | Новоишим ауылының Октябрьская көшесінің тұрғындарына | 3 |
30 | Новоишим ауылының Локомотивная көшесінің тұрғындарына | 3 |
31 | Новоишим ауылының Станционная көшесінің тұрғындарына | 3 |
32 | Новоишим ауылының Ә.Молдағұлова көшесінің тұрғындарына | 3 |
33 | Новоишим ауылының М.Мәметова көшесінің тұрғындарына | 3 |
34 | Новоишим ауылының Юбилейная көшесінің тұрғындарына | 3 |
35 | Новоишим ауылының Энгельс көшесінің тұрғындарына | 3 |
36 | Новоишим ауылының К.Маркс көшесінің тұрғындарына | 3 |
37 | Новоишим ауылының Трудовая көшесінің тұрғындарына | 2 |
38 | Новоишим ауылының Пионерская көшесінің тұрғындарына | 3 |
39 | Новоишим ауылының ДЭУ көшесінің тұрғындарына | 3 |
40 | Новоишим ауылының Ворошилов көшесінің тұрғындарына | 3 |
41 | Новоишим ауылының Заслонов көшесінің тұрғындарына | 3 |
42 | Новоишим ауылының Путейская көшесінің тұрғындарына | 2 |
43 | Новоишим ауылының Островский көшесінің тұрғындарына | 3 |
44 | Новоишим ауылының Гагарин көшесінің тұрғындарына | 3 |
45 | Новоишим ауылының Маслозаводская көшесінің тұрғындарына | 1 |
46 | Новоишим ауылының Жаңауыл шағын ауданы тұрғындарына | 3 |
47 | Новоишим ауылының Элеваторный көшесінің тұрғындарына | 3 |
48 |
Новоишим ауылының Больничный | 3 |
49 | Новоишим ауылының Есен Жантасов көшесінің тұрғындарына | 2 |
50 | Новоишим ауылы Айқын Нұрқатов көшесінің тұрғындарына | 3 |