Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 қазандағы N 365 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 қарашада N 3003 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 14.01.2015 N 16 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 14.01.2015 N 16 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық кодексiнiң 42-бабының 1-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерi осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің орынбасары Д.А. Могуноваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімі

Е. Бекшенов


Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 365 қаулысына қосымша

Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстар түрлерi

      1. Тұрмыстық қалдықтарды жинау.
      2. Аумақты қызылсу мұздан тазарту.
      3. Аумақты қардан тазарту.
      4. Аумақты қоқыстан тазарту.
      5. Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазарту.
      6. Аумақты арамшөптен тазарту.
      7. Қоқысты жинау және шығару.
      8. Жас бұтақтарды кесу.
      9. Ағаштарды және бұталарды кесу.
      10. Ағаштарды және бұталарды әктеу.
      11. Ағаштар және бұталарды егу.
      12. Гүлзарларды бөлiп отырғызу.
      13. Көгалдарды қолмен қайта қазу.
      14. Шөптi шабу.
      15. Ғимараттарды әктеу.
      16. Ғимараттарды сырлау.
      17. Ернеулерді әктеу.
      18. Қоршауларды жөндеу және сырлау.
      19. Тиеу-түсіру жұмыстары.
      20. Үй-жайларды жинау.
 

Об определении видов общественных работ для лиц, осужденных к отбыванию наказания в виде привлечения к общественным работам

Постановление акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 29 октября 2014 года N 365. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 28 ноября 2014 года N 3003. Утратило силу постановлением акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 14.01.2015 N 16

     Сноска. Утратило силу постановлением акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 14.01.2015 N 16.
      В соответствии с пунктом 1 статьи 42 Уголовного кодекса Республики Казахстан от 16 июля 1997 года, акимат Мамлютского района Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить виды общественных работ для лиц, осужденных к отбыванию наказания в виде привлечения к общественным работам, согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Мамлютского района Северо-Казахстанской области Могунову Д.А.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 
 

      Аким района

Е. Бекшенов


Приложение к постановлению акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 29 октября 2014 года № 365

Виды общественных работ для лиц, осужденных к отбыванию наказания, в виде привлечения к общественным работам

      1. Уборка бытовых отходов.
      2. Очистка территории от наледи.
      3. Очистка территории от снега.
      4. Очистка территории от мусора.
      5. Очистка территории от бытовых отходов.
      6. Очистка территории от сорняка.
      7. Сбор и вывоз мусора.
      8. Обрезка порослей.
      9. Обрезка деревьев и кустарников.
      10. Побелка деревьев и кустарников.
      11. Посадка деревьев и кустарников.
      12. Разбивка цветочных клуб.
      13. Перекопка газонов вручную.
      14. Скашивание травы.
      15. Побелка зданий.
      16. Покраска зданий.
      17. Побелка бордюр.
      18. Ремонт и покраска изгороди.
      19. Погрузочно-разгрузочные работы.
      20. Уборка помещений.