Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 14.01.2015 N 16 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық кодексiнiң 42-бабының 1-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерi осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің орынбасары Д.А. Могуноваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі |
Е. Бекшенов |
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 365 қаулысына қосымша |
Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстар түрлерi
1. Тұрмыстық қалдықтарды жинау.
2. Аумақты қызылсу мұздан тазарту.
3. Аумақты қардан тазарту.
4. Аумақты қоқыстан тазарту.
5. Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазарту.
6. Аумақты арамшөптен тазарту.
7. Қоқысты жинау және шығару.
8. Жас бұтақтарды кесу.
9. Ағаштарды және бұталарды кесу.
10. Ағаштарды және бұталарды әктеу.
11. Ағаштар және бұталарды егу.
12. Гүлзарларды бөлiп отырғызу.
13. Көгалдарды қолмен қайта қазу.
14. Шөптi шабу.
15. Ғимараттарды әктеу.
16. Ғимараттарды сырлау.
17. Ернеулерді әктеу.
18. Қоршауларды жөндеу және сырлау.
19. Тиеу-түсіру жұмыстары.
20. Үй-жайларды жинау.