Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 17.03.2022 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Рощинск ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары бекітілсін.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Рощинск ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Тайынша ауданы мәслихатының | |
XXVІ сессиясының төрағасы | М. Қақабаев |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Тайынша ауданы мәслихатының | |
Хатшысы | Қ. Шәріпов |
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2014 жылғы 21 мамырдағы № 186 шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Рощинск ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы |
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының |
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Рощинск ауылдық округі Рощинское ауылының тұрғындары үшін | 106 |
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Рощинск ауылдық округі Сарыбай ауылының тұрғындары үшін | 4 |
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Рощинск ауылдық округі Комсомолец ауылының тұрғындары үшін | 10 |
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Рощинск ауылдық округі Краматоровка ауылының тұрғындары үшін | 17 |
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Рощинск ауылдық округі Макашевка ауылының тұрғындары үшін | 36 |
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Рощинск ауылдық округі Октябрьское ауылының тұрғындары үшін | 17 |
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Рощинск ауылдық округі Димитровка ауылының тұрғындары үшін | 42 |
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2014 жылғы 21 мамырдағы № 186 шешімімен бекітілген |
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Рощинск ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Рощинск ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Рощинск ауылдық округі тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Рощинск ауылдық округінің аумағында ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Рощинск ауылдық округінің әкімі шақырады.
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Рощинск ауылдық округі Рощинское, Сарыбай, Комсомолец, Краматоровка, Макашевка, Октябрьское және Димитровка ауылдарының шегіндебөлек жиынды өткізуді Рощинск ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Рощинск ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Рощинскауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Рощинск ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Рощинск ауылдық округі ауылдары өкілдерінің кандидатураларын Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Рощинск ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.