"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Уәлиханов аудандық маслихаты ШЕШТІ:
1. "Уәлиханов ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Уәлиханов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 6 ақпандағы № 2-20с шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 3 наурыздағы № 2583 тіркелген, 2014 жылғы 7 наурыздағы "Нұрлы Ел" және 2014 жылғы 7 наурыздағы "Кызыл Ту" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Уәлиханов ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына:
көрсетілген қағиданың 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қағиданың 9-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"9. Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде өтініш беру мерзімі осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес белгіленеді.
Көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшерін әрбір жекелеген жағдайда арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсетудің қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді, алайда ол 200 айлық есептік көрсеткіштен және өмірлік қиын жағдайға тап болған сәттен әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі 6 айдан аспауы керек.
Өмірлік қиын жағдайға тап болғанда мұқтаж азамат санатына жатқызуға негіз болып саналады:
жетімдік;
ата-ананың қамқорлығынсыз қалу;
кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девианттық мінез-құлық;
туғаннан үш жасқа дейінгі балалардың бастапқы психофизикалық дамуы мүмкіндіктерінің шектеулі;
дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;
әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;
жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтімжасай алмауы;
әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездік;
баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);
бас бостандығынан айыру орындарынан босау;
қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде болу;
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы (қатерлі ісік, туберкулездің ауыр түрімен ауратын, мүгедек балалар);
жан басына шаққандағы орташа табыстың мөлшері 1 минималды есептік көрсеткіштен аспаса;
тиісті кезенде белгіленген мөшері жан басына шаққандағы орташа табысы бар, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан күндізгі нысаның жоғары кәсіптік білім ұйымдарында, аз қамтылған отбасылар азаматтарын оқыту үшін;
мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасы болған жағдайда, барлық топтағы мүгедектерге санаторлы-курорттық емделуге әлеуметтік көмекке мұқтаждық;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалардың тіс протездеу мен санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы.
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады".
2. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
V шақырылған ХХVI сессия төрағасы |
Ұ. Сағындықов |
Уәлиханов аудандық мәслихаттың хатшысы |
Б. Кәдіров |
"КЕЛІСІЛДІ" Солтүстік Қазақстан облысының әкімі |
Е. Сұлтанов |
Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, атаулы күндер мен мереке күндері алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің еселігі мен мөлшері
р/с № | Алушылар санаттары | Әлеуметтік көмек мөлшері мен еселігі | |
15 ақпан – Ауған аумағынан әскерді шығару күні | |||
1 | Бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жұрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер | Жылына бір рет - 15 айлық есептік көрсеткіш | |
2 | Бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер | Жылына бір рет - 15 айлық есептік көрсеткіш | |
3 | Басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиiстi санаттағы жұмысшылар мен қызметшiлер | Жылына бір рет - 15 айлық есептік көрсеткіш | |
4 | Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруңа шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасы | Жылына бір рет - 15 айлық есептік көрсеткіш | |
5 | 1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүрiп жатқан басқада мемлекеттерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлер | Жылына бір рет - 15 айлық есептік көрсеткіш | |
6 | Бұрынғы КСР Одағы Мемлекет қауiпсiздiгi комитетiнiң Ауғанстанда уақытша, болған және совет әскерлерiнiң шектелген құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерi | Жылына бір рет - 15 айлық есептік көрсеткіш | |
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні | |||
1 | "Алтын алқамен", "Күміс алқамен", I және II дәрежелі "Ана Даңқыны" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған көп балалы аналар | Жылына бір рет - 5 айлық есептік көрсеткіш | |
26 сәуір – Чернобыль атом электростансасындағы апатты еске алу күні | |||
1 | 1986 - 1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар | Жылына бір рет - 15 айлық есептік көрсеткіш | |
2 | Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары | Жылына бір рет - 15 айлық есептік көрсеткіш | |
3 | Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасы | Жылына бір рет - 15 айлық есептік көрсеткіш | |
4 | Чернобыль АЭС-iндегi апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлiмi белгiленген тәртiппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердiң, азаматтардың, сондай-ақ азаматтардың отбасы | Жылына бір рет - 15 айлық есептік көрсеткіш | |
5 | 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні анасының құрсағынандағы балаларды қоса алғанда | Жылына бір рет - 15 айлық есептік көрсеткіш | |
9 мамыр – Жеңіс күні | |||
1 | Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектері | Жылына бір рет – 50 айлық есептік көрсеткіш (2015 жылғы 9 мамырды қоспағанда) | |
2 | Қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелдi қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары | Жылына бір рет - 5 айлық есептік көрсеткіш | |
3 | Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдар | Жылына бір рет - 5 айлық есептік көрсеткіш | |
4 | Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк баласы (тәрбиеленушiсi) және теңiзшi бала ретiнде болғандар | Жылына бір рет - 5 айлық есептік көрсеткіш | |
5 | Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шетелдердiң аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құрамалар құрамында қатысқан адамдар | Жылына бір рет - 5 айлық есептік көрсеткіш | |
6 | Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз және жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтiк аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерi | Жылына бір рет - 5 айлық есептік көрсеткіш | |
7 | Қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар | Жылына бір рет - 5 айлық есептік көрсеткіш | |
8 | Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары | Жылына бір рет - 5 айлық есептік көрсеткіш | |
9 | Әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар | Жылына бір рет - 5 айлық есептік көрсеткіш | |
10 | 1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Украин ССР-i, Беларусь ССР-i, Литва ССР-i, Латыш ССР-i, Эстон ССР-i аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдiк батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет мiндетiн атқаруға кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар | Жылына бір рет - 5 айлық есептік көрсеткіш | |
11 | Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасы | Жылына бір рет - 5 айлық есептік көрсеткіш | |
12 | Қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi) | Жылына бір рет - 5 айлық есептік көрсеткіш | |
13 | Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мәнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар | Жылына бір рет - 5 айлық есептік көрсеткіш(2015 жылғы 9 мамырды қоспағанда) | |
2015 жылғы 9 мамыр – Жеңіс күні | |||
1 | Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектері | Жылына бір рет – 100 айлық есептік көрсеткіш | |
2 | Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мәнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар | Жылына бір рет - 25 айлық есептік көрсеткіш | |
3 | Кепілдіктер мен жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектеріне теністірілген адамдарға | Жылына бір рет - 5 айлық есептік көрсеткіш | |
7 мамыр – Отанды қорғау күні | |||
1 | Бұрынғы КСР Одағының Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасы | Жылына бір рет - 5 айлық есептік көрсеткіш | |
2 | Бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасы | Жылына бір рет - 5 айлық есептік көрсеткіш | |
31 мамыр – Саяси қуғын-сұргін құрбандарын еске алу күні | |||
1 | Бұрынғы КСР Одағы аумағында саяси қуғын-сүргiннен тiкелей зардап шеккен және қазiргi кезде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдар | Жылына бір рет - 15 айлық есептік көрсеткіш | |
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні | |||
1 | Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлер, ауданның құрметті азаматтары | Жылына бір рет - 10 айлық есептік көрсеткіш |