Аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 7-31с шешімі

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы №213 Заңының 40 бабы 2 тармағының 1) және 4) тармақшасына сәйкес, Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      Аудандық мәслихатымен қабылданған келесі шешімдер күші жойылды деп танылсын:
      1. "Уәлиханов ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" 2014 жылғы 6 ақпандағы № 2-20 с (2014 жылғы 3 наурыздағы № 2583 мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген және 2014 жылғы 7 наурыздағы №11 "Кызылту" газетінде жарияланған) шешімі;
      2. "Уәлиханов ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Уәлиханов аудандық мәслихатының 2014 жылғы ақпандағы № 2-20 с шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 15 тамыздағы № 6-26 с (2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 2943 мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген және 2014 жылғы 29 қыркүйектегі №44 "Кызылту" газетінде жарияланған) шешімі;
      3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы М. Балтабаев
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Б. Кәдіров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады