Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 03 ақпандағы № 174 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 ақпанда № 2855 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы мәслихатының 29 маусымдағы 2020 жылғы № 506 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы мәслихатының 29.06.2020 № 506 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56–бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6–бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес және қалалық әкімдіктің қаулысын қарап, Атырау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері осы шешімнің 1–қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Коммуналдық қызметтерге әлеуметтік көмек алушылардың санаттары осы шешімнің 2–қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімінде оқитын студенттерге, оқу ақысын төлеуде берешегі бар адамның жан басына шаққандағы орташа табысы есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын келесі санаттар бойынша біржолғы әлеуметтік көмек бекітілсін:

      1) жетімдерге және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға;

      2) мүгедектерге;

      3) аз қамтылған отбасынан шыққан студенттерге.

      4. Орташа табысы есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын келесі адамдарға (отбасыларға) біржолғы әлеуметтік көмек бекітілсін:

      1) аз қамтылған отбасыларына;

      2) І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектерге;

      3) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс–тіршілігі шектелген тұлғаларға.

      4-1. Туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға емдеу мекемесінің ай сайын ұсынатын тізіміне сәйкес, амбулаториялық ем алу кезеңіне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (отбасы табыстары есепке алынбай) әлеуметтік көмек бекітілсін.

      Ескерту. Шешім 4-1-тармақпен толықтырылды - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 07.04.2017 № 111 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жастар және спорт ісі, әйелдер істері және отбасылық–демографиялық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Б. Шеркешбаева).

      6. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      XXІI сессия төрағасы,
      қалалық мәслихатының хатшысы Б. Қазиманов

  Атырау қалалық мәслихатының 2014 жылдың 3 ақпандағы № 174 шешіміне 1 қосымша

Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері

      1. Келесі негіздер бойынша адамдарға (отбасыларға) табысын есепке алмай 1500 (мың бес жүз) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек беріледі:

      1) жетімдік;

      2) ата–ананың қамқорлығынсыз қалу;

      3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девианттық мінез-құлық;

      4) үш жасқа дейінгі балалардың туғаннан бастапқы психофизикалық дамуы мүмкіндіктерінің шектелуі;

      5) дене және (немесе) ақыл–ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;

      6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс–тіршілігінің шектелуі;

      7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне–өзі күтім жасай алмауы;

      8) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездік;

      9) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);

      10) бас бостандығынан айыру орындарынан босау;

      11) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде болу негіздері бойынша өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін;

      12) аз қамтылған отбасыларына;

      13) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға;

      14) І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектерге.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 27.08.2015 № 288 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап азаматтар алты ай мерзім ішінде әлеуметтік көмекке өтініш білдіруі мүмкін.

  Атырау қалалық мәслихатының 2014 жылдың 3 ақпандағы № 174 шешіміне 2 қосымша

Коммуналдық қызметтерге әлеуметтік көмек алушылардың санаттары

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Атырау облысы Атырау қаласы мәслихатының 24.04.2019 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Табысы есепке алынбай, коммуналдық қызметтеріне ай сайынғы әлеуметтік көмек келесідей санаттағы азаматтарға берілсін:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      2) қайталап некеге отырмаған Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің зайыптарына (жұбайларына);

      3) жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге;

      4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға;

      5) Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар–ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына.

      6) 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға;

      7) 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда;

      8) Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларына.

Об утверждении перечня категории получателей и предельных размеров социальной помощи

Решение Атырауского городского маслихата Атырауской области от 03 февраля 2014 года № 174. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 24 февраля 2014 года № 2855. Утратило силу решением маслихата города Атырау Атырауской области от 29 июня 2020 года № 506 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Атырау Атырауской области от 29.06.2020 № 506 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      В соответствии с подпунктом 4) пункта 1 статьи 56 Бюджетного Кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", c постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" и рассмотрев постановление городского акимата, Атырауский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить перечень категорий получателей, предельные размеры социальной помощи, сроки обращения за социальной помощью при наступлении трудной жизненной ситуации вследствие стихийного бедствия или пожара, согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Утвердить перечень категорий получателей социальной помощи на коммунальные услуги, согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Утвердить единовременную социальную помощь, студентам обучающимся на дневном отделении в организациях образования, реализующих образовательные учебные программы технического и професcионального, послесреднего и высшего образования среднедушевой доход которых не превышает рассчитанной величины прожиточного минимума по следующим категориям:

      1) сиротам или оставшимся без родительского попечения;

      2) инвалидам;

      3) студентам из малообеспеченных семей.

      4. Утвердить единовременную социальную помощь, следующим лицам (семьям), среднедушевой доход которых не превышает рассчитанной величины прожиточного минимума по следующим категориям:

      1) малообеспеченным семьям;

      2) инвалидам І, ІІ, ІІІ группы;

      3) лицам жизнедеятельность которых ограничено вследствие социально значимых заболеваний и заболеваний, представляющих опасность для окружающих.

      4-1. Утвердить социальную помощь (без учета семейных доходов) больным с различной формой туберкулеза, согласно списку лечебного учреждения, предоставляемого ежемесячно, на период амбулаторного лечения, в размере 10 месячных расчетных показателей.

      Сноска. Решение дополнено пунктом 4-1 в соответствии с решением Атырауского городского маслихата Атырауской области от 07.04.2017 № 111 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комисcию (Б. Шеркешбаева) по вопросам социальной защиты населения, здравоохранения, образования, культуры, по делам молодежи и спорта, по делам женщин и семейно-демографической политики.

      6. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции, вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 января 2014 года.

      Председатель XХII сессии,
      секретарь городского маслихата Б. Казиманов

  Приложение 1 к решению Атырауского городского маслихата от 3 февраля 2014 года № 174

Перечень категорий получателей, предельные размеры социальной помощи, сроки обращения за социальной помощью при наступлении трудной жизненной ситуации вследствие стихийного бедствия или пожара

      1. Единовременная социальная помощь предоставляется без учета дохода, в размере в пределах до 1 500 (тысяча пятьсот) месячных расчетных показателей лицам (семьям), по следующим основаниям:

      1) сиротство;

      2) отсутствие родительского попечения;

      3) безнадзорность несовершеннолетних, в том числе девиантное поведение;

      4) ограничение возможностей раннего психофизического развития детей от рождения до трех лет;

      5) стойкие нарушения функций организма, обусловленные физическими и (или) умственными возможностями;

      6) ограничение жизнедеятельности вследствие социально значимых заболеваний и заболеваний, представляющих опасность для окружающих;

      7) неспособность к самообслуживанию в связи с преклонным возрастом, вследствие перенесенной болезни и (или) инвалидности;

      8) жестокое обращение, приведшее к социальной дезадаптации и социальной депривации;

      9) бездомность (лица без определенного места жительства);

      10) освобождение из мест лишения свободы;

      11) нахождение на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции.

      12) малообеспеченным семьям;

      13) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним;

      14) инвалидам І, ІІ, ІІІ–группы;

      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным решением Атырауского городского маслихата Атырауской области от 27.08.2015 № 288 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.).

      2. При наступлении трудной жизненной ситуации вследствии стихийного бедствия или пожара, граждане в течении шести месяцев могут обратиться за социальной помощью.

  Приложение 2 к решению Атырауского городского маслихата от 3 февраля 2014 года № 174

Перечень категорий получателей социальной помощи на коммунальные услуги

      Сноска. Приложение 2 с изменениями, внесенными решением маслихата города Атырау Атырауской области от 24.04.2019 № 353 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Ежемесячная социальная помощь на коммунальные услуги предоставляется следующим категориям граждан, без учета дохода:

      1) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны;

      2) супругам (супругу) военнослужащих, погибших в годы Великой Отечественной войны, не вступивших в повторный брак;

      3) военнообязанным, призывавшимся на учебные сборы и направленным в Афганистан в период ведения боевых действий;

      4) лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза Советских Социалистических Республик за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны;

      5) семьям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане.

      6) лица, принимавшие участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшие непосредственно в ядерных испытаниях и учениях;

      7) лица из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1988-1989 годах, эвакуированных (самостоятельно выехавшим) из зон отчуждения и отселения в Республику Казахстан, включая детей, которые на день эвакуации находились во внутриутробном состоянии;

      8) лица, ставшие инвалидами вследствии катастрофы на Чернобыльской АЭС и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, испытания ядерного оружия, и их дети, инвалидность которых генетически связана с радиационным облучением одного из родителей.