Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы мәслихатының 29.06.2020 № 506 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы қаулысына сәйкес, Атырау қалалық әкімдігінің 2017 жылғы 9 наурыздағы № 498 қаулысын қарап, Атырау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 174 "Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2855 тіркелген, 2014 жылы 25 наурыз күні "Атырау" газетінде жарияланған) келесідей толықтыру енгізілсін:
келесі мәтіндегі 4-1 тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға емдеу мекемесінің ай сайын ұсынатын тізіміне сәйкес, амбулаториялық ем алу кезеңіне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (отбасы табыстары есепке алынбай) әлеуметтік көмек бекітілсін.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау тұрғындарды әлеуметтік мәселелері, гендерлік және жастар саясаты, заңдылықты сақтау және депутаттық этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (М. Әмірғалиев).
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ХІ сессия төрағасы | С. Шомиров |
Қалалық мәслихат хатшысы | Қ. Әзмұханов |