Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 29.03.2019 № XXXIII-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 34-1-бабының 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес, аудандық маслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылқоға ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде аудандық бюджет қаражаты есебінен бір жолғы әлеуметтік көмек берілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 22.10.2014 № ХХVІІ-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қызылқоға аудандық мәслихатының бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (О. Жанықұлов) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы | Қ. Қоданов |
Аудандық мәслихат хатшысының | |
өкілеттігін уақытша атқарушы | М. Борашев |