"Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мамандарға отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 18 сәуірдегі № ХХІІ-4 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № XXXIІІ-2 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 наурызда № 4363 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мамандарға отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 18 сәуірдегі № ХХІІ-4 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2912 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 маусымдағы "Қызылқоға" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қызылқоға аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, гендерлік саясат, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (А. Есенжанов).

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Баймұратова
      Мәслихат хатшысы Т. Бейсқали

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады