Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес және облыстық Әділет департаментінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 3-7871/14 санды ақпараттық хатын қарай отырып, аудандық маслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 18 сәуірдегі №ХХІІ-4 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мамандарға отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2912 санымен тіркелген, "Қызылқоға" газетіне 2014 жылы 12 маусымда жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің 1 тармағындағы "денсаулық сақтау" деген сөз алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қызылқоға аудандық мәслихатының бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (О. Жанықұлов) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, аудандық
мәслихат хатшысы: Т. Бейсқали