Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 16.09.2015 № 303-V шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5 тармағына сәйкес және Атырау облыстық Әділет департаментінің 2014 жылғы 1 қазандағы №3-7868/14 санды ақпараттық хатын қарай отырып, аудандық мәслихат кезектен тыс ХХVІІ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.
Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 10 маусымдағы "Индер ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2944 санымен тіркелген, аудандық "Дендер" газетінің 2014 жылғы 10 шілдедегі санында жарияланған) № 204-V шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің тақырыбы мен 1 тармағындағы "денсаулық сақтау" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, жастар ісі, құқық қорғау, депутат этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (А. Доспаева) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс ХХVІІ сессиясының төрағасы А. Үмітқалиев
Аудандық мәслихат хатшысы Б. Сапаров