"Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 176 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 шілдеде № 2728 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 36 қаулысымен

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 19.02.2016 № 36 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 1 және 3 тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті бекітілсін.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.С. Оспановқа жүктелсін.
      Облыс әкімі А.Мырзахметов
      Б.Оспанов
      Б.Жылқышиев
      Ә.Бектаев
      С.Қаныбеков
      Е. Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      Р.Исаева

  Оңтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2014 жылғы 9 маусымдағы
№ 176 қаулысына қосымша

"Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерімен (бұдан әрі-Бөлім) ұсынылады.
      Құжаттарды қабылдау Бөліммен, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушімен жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының банк шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияны аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болады.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және олардың орындалу дәйектілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Бөлімге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 134 қаулысымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады;
      2) құжаттар қабылданған күні Бөлімнің уәкілетті қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға толық көлемде қабылданған құжаттар туралы хабарлама береді. Бөлім субсидиялар алу үшін құжаттар қабылдауды бастау және аяқтау күнін белгілейді, субсидиялар алу үшін құжаттарды қабылдау мерзімдері және басқа да қажетті мәліметтер көрсетілген ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – ВАК) жұмыс тәртібін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді;
      3) ВАК ағымдағы жылғы 25 ақпанға дейінгі мерзімде су беру жөніндегі қызметтердің құнын арзандату бойынша субсидиялар алуға ұсынылған өтінімдерді қарайды және су пайдаланушылардың ауылдық тұтынушылар кооперативі (бұдан әрі - САТК) бөлінісіндегі су пайдаланушылар тізімдерін және бекітілген ставкаларға сәйкес субсидиялар сомаларын облыстық маңызы бар аудан немесе қала әкіміне бекітуге ұсынады;
      4) облыстық маңызы бар аудан немесе қала әкімі су пайдаланушылар тізімін бекіткеннен кейін ағымдағы жылғы 28 ақпанға дейінгі мерзімде қызмет берушіге САТК бөлінісіндегі су пайдаланушылар тізімін ұсынады;
      5) көрсетілетін қызметті беруші бір апталық мерзімде су пайдаланушылар мен САТК-ні жылдық субсидиялау сомаларын көрсете отырып, су пайдаланушылар тізімдерін бекіту бойынша облыстық маңызы бар аудан немесе қала әкімдері қабылдаған шешімдер туралы хабардар етеді;
      6) Бөлім құжаттарды тексергеннен кейін ағымдағы айдың 25 күніне дейінгі мерзімде қызмет берушіге жиынтық су пайдаланушылар тізілімін жолдайды;
      7) көрсетілетін қызметті беруші бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың талаптарға сәйкестігін тексереді, бюджеттік субсидиялар төлеуге ведомості, төлем шоттарын қалыптастырады және аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсынады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) Бөлім;
      2) Бөлімнің уәкілетті қызметкері;
      3) ВАК;
      4) облыстық маңызы бар аудан, қала әкімі;
      5) көрсетілетін қызметті беруші.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің орындалу мерзімі көрсетілген сипаттама осы регламенттің 2 бөлімі 5 тармағында келтірілген. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) блок-схема түріндегі реттілігі осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары тәртібінің графикалық және схемалық түрде сипатталуы және мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 1 және 2 қосымшаларында бейнеленген.
       "Ауыл шаруашылығы тауарын
       өндірушілерге су беру қызметтерінің
       құнын субсидиялау" мемлекеттік
       көрсетілетін қызмет регламентіне

  1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің блок-схема түрінде сипатталуы және мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

      


       "Ауыл шаруашылығы тауарын
       өндірушілерге су беру қызметтерінің
       құнын субсидиялау" мемлекеттік
       көрсетілетін қызмет регламентіне

  2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) графикалық түрдегі реттілігінің сипатталуы және мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

1
2
3
4
5
6
Бөлімнің уәкілетті қызметкері
ВАК
Облыстық маңызы бар аудан немесе қала әкімі
Көрсетілетін қызметті беруші
Бөлім
Көрсетілетін қызметті беруші
Құжаттар қабылданған күні көрсетілетін қызметті алушыға толық көлемде қабылданған құжаттар туралы хабарлама береді
Ағымдағы жылғы 25 ақпанға дейінгі мерзімде су беру жөніндегі қызметтердің құнын арзандату бойынша субсидиялар алуға ұсынылған өтінімдерді қарайды және САТК бөлінісіндегі су пайдаланушылар тізімдерін және бекітілген ставкаларға сәйкес субсидиялар сомаларын облыстық маңызы бар аудан немесе қала әкіміне бекітуге ұсынады
Су пайдаланушылар тізімін бекіткеннен кейін ағымдағы жылғы 28 ақпанға дейінгі мерзімде қызмет берушіге САТК бөлінісіндегі су пайдаланушылар тізімін ұсынады
Бір апталық мерзімде су пайдаланушылар мен САТК-ні жылдық субсидиялау сомаларын көрсете отырып, су пайдаланушылар тізімдерін бекіту бойынша облыстық маңызы бар аудан, қала әкімдері қабылдаған шешімдер туралы хабардар етеді
Құжаттарды тексергеннен кейін ағымдағы айдың 25 күніне дейінгі мерзімде көрсетілетін қызметті берушіге жиынтық су пайдаланушылар тізілімін жолдайды
Бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың талаптарға сәйкестігін тексереді, бюджеттік субсидиялар төлеуге ведомості, төлем шоттарын қалыптастырады және аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін және төлем шоттарын ұсынады

      

Об утверждении регламента государственной услуги "Субсидирование стоимости услуг по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям"

Постановление акимата Южно-Казахстанской области от 9 июня 2014 года № 176. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 22 июля 2014 года № 2728. Утратило силу постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 19 февраля 2016 года № 36

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 19.02.2016 № 36 (вводится в действие с момента подписания).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с пунктами 1 и 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах", акимат Южно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый регламент государственной услуги "Субсидирование стоимости услуг по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям".
      2. Государственному учреждению "Управление сельского хозяйства Южно-Казахстанской области" в порядке, установленном законодательными актами Республики Казахстан обеспечить:
      1) направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях, распространяемых на территории Южно-Казахстанской области и информационно-правовой системе "Әділет";
      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Южно-Казахстанской области.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима области Оспанова Б.С.
      Аким области А. Мырзахметов
      Оспанов Б.
      Жилкишиев Б.
      Бектаев А.
      Каныбеков С.
      Садыр Е.
      Туякбаев С.
      Абдуллаев А.
      Исаева Р.

  Приложение
к постановлению акимата
Южно-Казахстанской области
от 9 июня 2014 года № 176

Регламент государственной услуги
"Субсидирование стоимости услуг по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям"
1. Общие положения

      1. Государственная услуга "Субсидирование стоимости услуг по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям" (далее - государственная услуга) оказывается государственным учреждением "Управление сельского хозяйства Южно-Казахстанской области" (далее - услугодатель) и структурными подразделениями местных исполнительных органов районов и городов областного значения осуществляющими функции в области сельского хозяйства (далее-Отдел).
      Прием документов осуществляется Отделом, выдача результатов государственной услуги осуществляется услугодателем.
      2. Форма оказания государственной услуги: бумажная.
      3. Результат оказания государственной услуги – предоставление в территориальное подразделение казначейства реестра счетов к оплате для дальнейшего перечисления причитающихся бюджетных субсидий на банковские счета услугополучателей.

2. Описание порядка действий структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      4. Основанием для начала процедуры (действия) по оказанию государственной услуги является наличие заявления услугополучателя.
      5. Содержание каждой процедуры (действия), входящей в состав процесса оказания государственной услуги, длительность его выполнения и последовательность их выполнения, в том числе этапы прохождения всех процедур:
      1) для получения государственной услуги, услугополучатель предоставляет в Отдел документы указанные в пункте 9 стандарта государственной услуги "Субсидирование стоимости услуг по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям" утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 февраля 2014 года № 134 (далее - Стандарт);
      2) в день приемки документов уполномоченный сотрудник Отдела выдает услугополучателю уведомление о принятых документах в полном объеме. Отдел устанавливает дату начала и окончания приема документов для получения субсидий, обеспечивает публикацию сроков приема документов и других необходимых сведений в местных средствах массовой информации с указанием порядка работы межведомственной комиссии (далее – МВК);
      3) МВК в срок до 25 февраля текущего года рассматривает представленные заявки и представляет на утверждение списки водопользователей в разрезе сельских потребительских кооперативов водопользователей (далее-СПКВ) акиму района или города областного значения на получение субсидий по удешевлению стоимости услуг по подаче воды и суммы субсидий, в соответствии с утвержденными ставками;
      4) после утверждения списка водопользователей аким района или города областного значения в срок до 28 февраля текущего года представляет услугодателю список водопользователей в разрезе СПКВ;
      5) услугодатель в недельный срок уведомляет в письменной форме водопользователей и СПКВ о принятых решениях акимами районов или городов областного значения по утверждению списков водопользователей с указанием годовых сумм субсидий;
      6) Отдел после проверки документов, в срок до 25 числа текущего месяца направляет услугодателю сводный реестр водопользователей;
      7) услугодатель в течение пяти рабочих дней проверяет соответствие представленных документов требованиям, формирует ведомость на выплату бюджетных субсидий, счета к оплате и представляет в территориальное подразделение казначейства реестр счета к оплате.

3. Описание порядка взаимодействия структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      6. Перечень структурных подразделений, (работников) услугодателя, которые участвуют в процессе оказания государственной услуги:
      1) Отдел;
      2) уполномоченный сотрудник Отдела;
      3) МВК;
      4) аким района, города областного значения;
      5) услугодатель.
      7. Описание последовательности процедур (действий) между структурными подразделениями (работниками) с указанием длительности каждой процедуры указано в пункте 5 раздела 2 к настоящему регламенту. Описание последовательности процедур (действий) государственной услуги в виде блок-схемы указано в приложении 1 к настоящему регламенту.

4. Описание порядка взаимодействия с центром обслуживания населения и (или) иными услугодателями, а также порядка использования информационных систем в процессе оказания государственной услуги

      8. Подробное описание последовательности процедур (действий), взаимодействий структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания услуги в графическом и схематическом виде и справочник бизнес-процессов оказания государственной услуги представлены в приложениях 1 и 2 к настоящему регламенту.

  Приложение 1
к регламенту государственной услуги
"Субсидирование стоимости услуг
по подаче воды сельскохозяйственным
товаропроизводителям"

Описание порядка оказания государственной услуги в виде блок-схемы и справочник бизнес-процессов оказания государственной услуги

      


  Приложение 2
к регламенту государственной услуги
"Субсидирование стоимости услуг
по подаче воды сельскохозяйственным
товаропроизводителям"

Описание последовательности процедур (действий) государственной услуги в графическом виде и справочник бизнес-процессов оказания государственной услуги

1
2
3
4
5
6
Уполномоченный сотрудник Отдела
МВК
Аким района или города областного значения
Услугодатель
Отдел
Услугодатель 
В день приемки документов выдает услугополучателю уведомление о принятых документах в полном объеме
В срок до 25 февраля текущего года рассматривает представленные заявки и представляет на утверждение списки водопользователей в разрезе СПКВ акиму района или города областного значения на получение субсидий по удешевлению стоимости услуг по подаче воды и суммы субсидий, в соответствии с утвержденными ставками
После утверждения списка водопользователей в срок до 28 февраля текущего года представляет услугодателю список водопользователей в разрезе СПКВ
В недельный срок уведомляет в письменной форме водопользователей и СПКВ о принятых решениях акимами районов или городов областного значения по утверждению списков водопользователей с указанием годовых сумм субсидий
После проверки документов, в срок до 25 числа текущего месяца направляет в услугодатель сводный реестр водопользователей
В течение пяти рабочих дней проверяет соответствие представленных документов требованиям, формирует ведомость на выплату бюджетных субсидий, счета к оплате и представляет в территориальное подразделение казначейства реестр счетов к оплате и счета к оплате