"Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 696 қаулысын іске асыру туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 335 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 қазанда № 2854 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 331 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 22.10.2015 № 331 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 696 қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес шитті мақтаның сапасының бір сынамасын сараптау құны мен мақта талшығының сапасының бір сынамасын сараптау құны белгіленсін.
      2. «Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.С. Оспановқа жүктелсін.      

      Облыс әкімі                                А.Мырзахметов
      
      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков
      18.10.2014 жыл
      
      Б. Оспанов
      Б. Жылқышиев
      Ә. Бектаев
      С. Қаныбеков
      Е. Садыр
      С. Тұяқбаев
      А. Абдуллаев
      Р. Исаева

      Облыс әкімдігінің
      2014 жылғы «17» қазан
      № 335 қаулысына
      қосымша

Шитті мақтаның сапасының бір сынамасын сараптау құны мен мақта талшығының сапасының бір сынамасын сараптау құны

Бір сынамасының сапасын сараптама жасаудың құны

Шитті мақта

Мақта талшығы

1150 теңге

1150 теңге

О мерах по реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 23 июня 2014 года № 696 "Об утверждении Правил субсидирования стоимости затрат на экспертизу качества хлопка-сырца и хлопка-волокна"

Постановление акимата Южно-Казахстанской области от 17 октября 2014 года № 335. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 30 октября 2014 года № 2854. Утратило силу постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 22 октября 2015 года № 331

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 22.10.2015 № 331 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала. 
      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 июня 2014 года № 696 «Об утверждении Правил субсидирования стоимости затрат на экспертизу качества хлопка-сырца и хлопка-волокна», акимат Южно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить стоимость экспертизы качества одной пробы хлопка –сырца и стоимость экспертизы качества одной пробы хлопка-волокна согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Государственному учреждению «Управление сельского хозяйства Южно-Казахстанской области» в порядке, установленном законодательными актами Республики Казахстан, обеспечить:
      1) направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях, распространяемых на территории Южно-Казахстанской области и информационно-правовой системе «Әділет»;
      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Южно-Казахстанской области.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима области Оспанова Б.С.
      
      Аким области                               А. Мырзахметов

      СОГЛАСОВАНО:
      Министр сельского хозяйства
      Республики Казахстан                       Мамытбеков А.
      18.10.2014 года     

      Оспанов Б.
      Жилкишиев Б.
      Бектаев А.
      Каныбеков С.
      Садыр Е.
      Туякбаев С.
      Абдуллаев А.
      Исаева Р.      

      Приложение
      к постановлению акимата области
      от «17» октября 2014 года
      № 335

Стоимость экспертизы качества одной пробы хлопка-сырца и стоимость экспертизы качества одной пробы хлопка–волокна

Стоимость экспертизы качества одной пробы

хлопок-сырец

хлопок–волокно

1150 тенге

1150 тенге