Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 22.10.2015 № 331 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 696 қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес шитті мақтаның сапасының бір сынамасын сараптау құны мен мақта талшығының сапасының бір сынамасын сараптау құны белгіленсін.
2. «Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.С. Оспановқа жүктелсін.
Облыс әкімі А.Мырзахметов
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
18.10.2014 жыл
Б. Оспанов
Б. Жылқышиев
Ә. Бектаев
С. Қаныбеков
Е. Садыр
С. Тұяқбаев
А. Абдуллаев
Р. Исаева
Облыс әкімдігінің
2014 жылғы «17» қазан
№ 335 қаулысына
қосымша
Шитті мақтаның сапасының бір сынамасын сараптау құны мен мақта талшығының сапасының бір сынамасын сараптау құны
Бір сынамасының сапасын сараптама жасаудың құны |
Шитті мақта |
Мақта талшығы |
1150 теңге |
1150 теңге |