Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 11.11.2020 № 224 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, "Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-1/167 бұйрығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың бір сынамасының сапасы сараптамасының құны:
1) шитті мақтаның – 1150 теңге;
2) мақта талшығының – 1150 теңге мөлшерінде бекітілсін.
2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 335 "Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 696 қаулысын іске асыру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2854-нөмірмен тіркелген, 2014 жылғы 4 қарашада "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Тұяқбаевқа жүктелсін.
Облыс әкімі | Б. Атамқұлов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
_______________ А.Мамытбеков
2015 жылғы "22" қазан
Д.Сатыбалды |
Б.Жылқышиев |
Е.Айтаханов |
С.Қаныбеков |
Е.Садыр |
С.Тұяқбаев |
А.Абдуллаев |