Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 30.10.2020 № 53/548-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабының 2-тармағына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 14/125-V "Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету Қағидаларын бекіту туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2351-нөмірмен тіркелген, 2013 жылғы 10 тамызда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған шешіммен бекітілген, Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету Қағидаларында 4 тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы | А.Сопбеков |
Облыстық мәслихат хатшысы | Қ.Ержан |