Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 14/125-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 31 шілдеде № 2351 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 53/548-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 30.10.2020 № 53/548-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 28.03.2014 № 25/202-V шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-2 тармағына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 19.03.2015 № 36/294-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қоса беріліп отырған Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету Қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 28.03.2014 № 25/202-V шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Д.Ахметов
      Облыстық мәслихат хатшысы Қ.Ержан

  Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы
№ 14/125-V шешімімен бекітілген

Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету
ҚАҒИДАЛАРЫ

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 28.03.2014 № 25/202-V шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету Қағидалары (бұдан әрі Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.".

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 19.03.2015 № 36/294-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы Қағидалар қызметтік иттері бар, қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті сақтау және адамдарды құтқару жөніндегі жұмысты атқаратын кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелерден басқа, иттер мен мысықтарды асырайтын (бұдан әрі - Иелері) барлық тұлғаларға қолданылады.

2. Иттер мен мысықтарды ұстау шарттары

      3. Иттер мен мысықтарды ұстау санитариялық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтерді, ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) ережелерді және ветеринариялық нормативтерді, сондай-ақ осы Қағидаларды сақтаған кезде жол беріледі:

      бір отбасы тұратын жеке тұрғын үйлерде, көп қабатты тұрғын үйлердің пәтерлерінде, тұрғын-үй жайларда;

      бірнеше отбасылар мекен еткен тұрғын жайларда тек өзінің тұрғын алаңында ғана, көршілердің дәрігерлік кері көрсеткіші (аллергиясы) болмаған жағдайда, пәтер тұрғындарының барлығының жазбаша келісімімен; кәсіпорындарда, ұйымдарда, мекемелерде, бау-бақша және саяжайлар учаскелерінде, демалыс базаларында - иттерді байлаулы немесе торлы орында ұстаған және қоршаған ортаны мазаламайтын және қауіп төндірмейтіндей жағдайда.

      4. Алып тасталды - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 11.12.2014 № 34/266-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Иттер мен мысықтарды жалпы пайдаланатын орындарда (кіреберістерде, дәліздерде, баспалдақтар алаңшаларында, жертөлелерде, шатырларда және қосымша жайларда) иелеріне жеке меншік, жалға беру, уақытша пайдалану және басқа мүлік құқығы тиесілі дербес тұрғын үйлердің жанындағы аумақтардан бөлек үйлердің жанындағы аумақтарда ұстауға жол берілмейді.

      6. Жекеменшік тұрғын үйлерде тұратын иелері, иттерді оның қашып кетуін, адамдарға және басқа да жануарларға шабуыл жасауын, өтіп бара жатқандарды қауып алуын болдырмайтын қоршауы бар, жеке ауласының шекарасында ұстауды қамтамасыз етеді. Аумақта иттің бар екенін ескертетін тақтайша жазылып аулаға кіреберістегі қақпаларға ілінеді.

      7. Иттер мен мысықтардың иелері:

      1) ветеринариялық мекемелер мамандарының талаптары бойынша иттер мен мысықтарды қарауға, диагностикалық зерттеуге және емдеу- профилактикалық дауалауға кедергісіз беруі;

      2) иттер мен мысықтардың қоршаған ортаны мазаламайтын және қауіп туғызбайтын етіп тәртібін қамтамасыз етуі;

      3) иттер мен мысықтарды уақтылы вакцинациялау, ауруларын диагностикадан өткізуі және емдеуі;

      4) иттер мен мысықтарға тері паразиттері мен гельминттерден алдын алу үшін жүйелі түрде, тоқсанына бір реттен кем емес дауалау жүргізуі;

      5) иттер мен мысықтардың құтырумен ауыру мүмкіндігіне күдік туындаған жағдайда, ветеринариялық және тиісті денсаулық сақтау мекемелеріне олардың адамдарды тістеп алуы, сілекейлеуі, тырнап алу жағдайларының барлығы туралы кідірмей хабарлауы;

      6) иттер мен мысықтардың барлық ауыру жағдайында немесе ауыруына күдік туындаған кезде, тез арада ветеринариялық мекемелерге барып, тексеру қорытындысы бойынша мамандардың ұсыныстарын бұлжытпай сақтауы;

      7) иттері мен мысықтары өлген жағдайда ветеринариялық мекемелерге олардың неден өлгенін анықтау үшін кідіртпей хабарлауы, ал құтырумен ауруына күдіктенген кезде ветеринариялық қызмет мамандары келгенге дейін оларды оқшаулауы қажет;

      8) олардың иттері мен мысықтарының аулаларды, кіреберістерді, баспалдақтар алаңшаларын, лифтілерді, балалар ойын алаңдарын, соқпақтарды, жаяу соқпақтарды, шағынбақтарды, саябақтарды, демалыс аймақтарының ластамауын қадағалауы керек, ластанған жағдайда кідіртпей жинауды жүзеге асырады.

      8. Алынып тасталды - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 28.03.2014 № 25/202-V шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Алынып тасталды - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 28.03.2014 № 25/202-V шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10. Әрі қарай ұстау мүмкін болмаған жағдайда иттер мен мысықтар басқа иелікке беріледі немесе бақылаусыз (қаңғыбас) жануарларды аулау және ұстауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымға өткізіледі.

      11. Ветеринариялық мекемеде Иелерінің ветеринариялық паспорт алу жолымен, иттер және мысықтар тіркеуге жатады, онда профилактикалық егулер жүргізілгендігі туралы белгілер соғылады.

3. Иттер мен мысықтарды серуендету тәртібі

      12. Иттер мен мысықтарды серуендету кезінде Иелері келесі шарттарды сақтауы қажет:

      1) иесі ғимарат жайында болған уақытқа, егер басқа тұлғалар үшін қауіп жоқ, қоғамдық тәртіпті бұзбайтындай болса, итті тұмылдырығымен және қысқа шылбырда, өз бетімен шешілмейтіндей етіп, осы ғимараттың жанында байлаулы қалдыруға жол беріледі. Бұл жағдайда ит адамдардың кіріп шығуына кедергі келтірмейтіндей болуы қажет;

      2) иттерді қоршаған ортаға қолайсыздық және кедергі келтірмейтіндей тек тұмылдырықта ғана (декоративті тұқымды иттерден басқасы) және қысқа (1,5 метрге дейінгі) шылбырмен сыртқа шығаруға және серуендетуге жол беріледі;

      3) иттерді тұмылдырықсыз және шылбырсыз серуендетуге тек қоршалған аумақтарда, үйрету алаңдарында және еркін серуендету орындарда ғана жол беріледі;

      4) қалалық қоғамдық көліктерде иттерді тасымалдау, жолаушыларды мазаламайтын жағдайда, артқы алаңшаларда жүзеге асырылады. Декоративті тұқымды иттер мен мысықтарды сөмкелерде, арнайы торларда (тасымалдау контейнерлерінде), немесе қолына алып тасымалдауға жол беріледі. Ауру иттер мен мысықтарды қоғамдық көліктерде тасымалдауға жол берілмейді.

      13. Жол берілмейді:

      иттерді аулалық балалар ойын алаңдарында, спорт алаңдарында, мектепке дейінгі балалар және оқу орындарында, емдеу мекемелерінде, саябақтарда және басқа да азаматтардың көпшілік қатынасқан демалыс орындарында, тиым салынған белгілер қойылған, осы мақсат үшін рұқсат берілген немесе арнайы бөлінген орындардан бөлек жерлерде қыдыртуға;

      иттер мен мысықтарды қоғамдық шомылу орындарында, тоғандарда, су бұрқақтарында, су қоймаларында және су бөгеттерінде шомылдыруға;

      қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарда, сауда және дүкендердің өндірістік жайларында, сервистік қызмет көрсету, мектепке дейінгі және білім мекемелерінде, әлеуметтік-мәдени белгідегі мекемелерде, медициналық және емдеу-профилактикалық мекемелерде иттерді ұстауға және әкелуге;

      мас күйіндегі тұлғаларға және 14 жастан кіші балаларға иттерді серуендетуге және олармен қоғамдық орындарда және қоғамдық көліктерде жүруге;

      халық көп жиналатын жерлерде және қоғамдық іс-шараларда иттер және мысықтармен тұруға.

4. Қорытынды ережелер

      Осы Қағидаларды бұзғаны үшін Иелері "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.

      Ескерту. 4-тарау жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 30.09.2015 № 42/343-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады