Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 14/125-V "Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 34/266-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 6 қаңтарда № 2951 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 53/548-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 30.10.2020 № 53/548-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабының 2-тармағына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 14/125-V "Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету Қағидаларын бекіту туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2351-нөмірмен тіркелген, 2013 жылғы 10 тамызда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған шешіммен бекітілген, Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету Қағидаларында 4 тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы А.Сопбеков
      Облыстық мәслихат хатшысы Қ.Ержан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады