"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурызындағы № 185 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Кентау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 2 мамырдағы № 29 "Кентау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-3-130 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 12 мамырдағы "Кентау шұғыласы" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Кентау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібінде:
12 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"12. Уәкiлеттi орган тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн қажет құжаттарды берген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде, ал егер ақпаратты өзге субъектiлерден, лауазымды тұлғалардан алу қажет болған жағдайда күнтiзбелiк отыз күн iшiнде тұрғын үй көмегiн тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнiнде шешiм қабылдап, өтініш берушіні хабардар етеді.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихатының | |
сессия төрағасы | Б.Мухамеджанов |
Қалалық мәслихат | |
хатшысының міндетін атқарушы | Е.Аринов |